Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар ұялы байланыс пен қашықтықтан байланыс құралдарын пайдалану арқылы медициналық қызметтердің қолжетімділігіне байланысты бірқатар мәселелерді шешу үшін үлкен әлеуетке ие.

Онлайн режимдегі медициналық көмек логистикалық шығындармен және қызметтерді алу уақытын қысқартумен байланысты халықтың шығындарын азайтады.  

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазанда бекіткен «Цифрландыру, инновациялар ғылымы есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын және ҚР ДСМ 2021 жылғы 1 ақпандағы № «Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және төлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ-12 бұйрығын орындау шеңберінде, «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК «DMED»  ҚМИС және «Телемедицина» кабинеті арқылы алдын ала жазылу арқылы қашықтықтан форматта медициналық қызмет көрсету мүмкіндігіне ие.

  

Қазіргі уақытта облыстық аурухана базасында 20 бейіндегі мамандық бойынша қашықтықтан консультациялар жүргізілуде:

  • гематолог
  • гастроэнтеролог
  • кардиолог
  • невропатолог
  • нефролог
  • пульмонолог
  • ревматолог
  • уролог
  • эндокринолог
  • онколог
  • кардиохирург
  • тамырлы хирург
  • нейрохирург
  • гинеколог
  • ЛОР
  • хирург
  • ЧЛХ
  • травматолог
  • дерматовенеролог
  • генетик

ЭКГ толық жазылуы жүргізіледі. «Телемедицина» кабинетінде дәрігерлердің виртуалды консилиумдары және басқа да қызметтер (пациенттерді тасымалдау мүмкіндігі, медициналық оңалту қызметтерін көрсету, дәрігердің қабылдауын жүргізу қажеттілігі туралы шешімдер) көрсетіледі.

Қашықтықтан қызмет көрсету пациенттерге қайталама қабылдау кезінде дәрігерге бармай-ақ кеңес алуға, емдеуді уақтылы бастауға, диагнозды нақтылауға, емдеу бойынша ұсыныстар алуға, дәрілік препаратты тағайындауға мүмкіндік береді.

АМСК ұйымы қашықтықтан қабылдауға жіберудің орындылығын анықтау мен мониторинг бойынша жұмысты жүргізеді.

vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).