Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

Бөлімше меңгерушісі, дәрігер кардиохирург - Мінайдаров Нұрлан Сәбитұлы. Жоғары санатты дәрігер.

Мамандығы бойынша еңбек өтілі - 12 жыл,  Облыс әкімінің, облыстық денсаулық сақтау департаментінің және аурухана әкімшілігінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған. 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  «Құрмет» мемлекеттік орденімен марапатталды.

Үнемі кардиохирургия бойынша халықаралық конференцияларға, съездерге, Конгрестерге қатысады.

тел. 31-59-85

Жеке мәселелер бойынша бөлімше меңгерушісінің қабылдауы: дүйсенбі-жұма күндері 16.30-17.00 сағ.  

Консультациялық қабылдау.

Кардиохирургтың консультациясына жолдама болған жағдайда ғана жүргізіледі. Кардиохирургтың консультациясына жолдаманы аудандық / қалалық кардиология орталығының кардиологы / терапевті береді.

Дүйсенбі-жұма күндері,  15.00-17.00 сағ.

Өткізілетін орны: Көпбейінді облыстық аурухананың консультациялық-диагностикалық орталығы, 3-қабат, №304 кардиохирургтың кабинеті

 Кардиохирургия бөлімшесінің қысқаша сипаттамасы

Бөлімше 2008 жылғы сәуірден бастап жұмыс істей бастады, бұл ҚР Үкіметінің «2007-2009 жылдарға арналған кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметті дамыту және жетілдіру бағдарламасы» бағдарламасын іске асырудың басталуымен тұспа-тұс келді.

2009 жылы Ақмола облыстық ауруханасына профессор, «Жүрек орталығының» басшысы Римантас Бенетистің басшылығымен Литваның кардиохирургиялық бригадасы шақырылды.

2012 жылдан бастап «Жүрек орталығы» («Центр сердца») жеке кешенінің ашылуы өтті. Жеке кешен барлық кардиологиялық қызметті біріктірді, бұл қабылдау бөлімі, рентген эндоваскулярлық хирургия, кардиохирургия, кардиология бөлімшелері, операция бөлмесімен 6 төсектік кардиореанимация қызмет көрсетеді.

2013 жылғы мамырдан бастап Орталықта Siemens Artis Zee заманауи рентген - ангиографиялық аппараты орнатылды, ол науқастың рентген сәулесінің дозасын 2-3 есе азайта отырып, қажетті зерттеу саласын сапалы визуализациялауға мүмкіндік береді, онда резистентті гипертензияны емдеу үшін Simplicity (Швейцария) жүйесімен коронарография, стенттеу, бүйрек артерияларын деннервациялау және т. б. жүргізіледі.

Бөлімшеде Торсыкбаев Ермек Кошанович, дәрігер кардиохирург, I біліктілік санаты бар, Алеева Салу Толешовна,   ЭхоКГ дәрігері, жоғары санатты дәрігер, Адилбекова Лаура Турарбековна, дәрігер кардиохирург жұмыс істейді.

Кардиохирургия бөлімшесінде оперативтік араласудың мынадай түрлері орындалады:

Жүректіңишемиялықауруыкезінде:

  • коронарлық артерияларды ұштастыру операциясы.

Ревматизм немесежүрекклапандарызақымданғанкезде:

  • өзклапандарынсақтайотырып, жүрекклапандарыныңпластикасы;
  • жүрекклапандарынбиологиялықнемесемеханикалықпротездерменауыстыру;

Пациенттерге арналғанмаңыздыақпарат

  • Егер пациент клопидогрелді (Плавикс, Зилт, Клопидогрелжәне т. б.) немесепласугрелдіқабылдаса, онда бұлпрепараттардықабылдаудыоперацияғаемдеугежатқызудыңболжамдыкүнінен 5 күнбұрынтоқтатукерек.
  • Егер пациент қантдиабетіменауырса (кезкелгентүрдегі), онда қандағықанттың мөлшерінбақылауаса маңызды.
  • Дене салмағының ерлер үшін 110 кг-нан және әйелдер үшін 90 кг-нан асуы операциядан кейінгі жараның асқыну қаупін  арттырады. Пациент мұны әрқашан есте сақтауы және жауапты болуы керек.

Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға жүрекке және ірі тамырларға операциялар тегін негізде орындалады.

vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

aob_koksh@akmzdrav.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).