Алғашқылардың бірі болып «Көпбейінді облыстық аурухана» директоры, қалалық мәслихат депутаты Нурлан Каирович Жаров екпе алды.
Бұдан бұрын хабарлағандай, Спутник V вакцинасының алғашқы партиясы бүгін 22 мың доза көлемінде жеткізіліп барлық өңірлер бойынша бөлінетін болады.
Вакцинация халықтың осал топтарының эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңмен жүргізіледі. 1 ақпаннан бастап инфекциялық стационарлар, шұғыл көмек қызметтерінің, қабылдау бөлімшелерінің және т.б. медицина қызметкерлері вакцинациядан өтеді.
КВИ қарсы вакцинациялау 2021 жылдың соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда.
Вакцинация «Көпбейінді облыстық аурухана» емханасында, келесі мекенжай бойынша өтті: Сабатаев көш., 1, сондай-ақ вакцинаны №1 қалалық емханада (Н.Назарбаев даңғ., 13а) және Қалалық емханада (Әуелбеков көш., 94) алуға болады.