Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

Көкшетау облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 21.05.1956 жылғы «Көкшетау облысының онкологиялық қызметін ұйымдастыру туралы» №94 бұйрығына сәйкес облыстық аурухана базасында онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеу үшін 25 төсек-орынды бөлімше ашылды.

1962 жылы – жеке ғимарат бөлінді, төсек-орын саны 40-қа дейін ұлғайтылды, 10 төсек-орынға пансионат ұйымдастырылды, диагностиканың рентгенологиялық және гистологиялық әдістерін және сәулелік емдеу әдісі енгізілді.

1967 жылы   Узкая колея көшесі, 11 мекенжайы бойынша жаңа ғимарат бөлінді, төсек-орын саны 100-ге дейін ұлғайтылды.

Көкшетау облыстық атқару комитетінің 30.07.1986 жылғы № 420 шешімімен 180 төсек-орынды облыстық онкологиялық диспансердің типтік ғимаратының құрылысы басталды,  құрылыс аяқталғаннан кейін 26.01.1990 жылы диспансер толық пайдалануға берілді. 60 төсек-орынды жалпы хирургия бөлімшесі ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта хирургия бөлімшесі  ғимараттың 3 қабатында орналасқан, 40 төсек-орынға  есептелген; мұнда емшара кабинеті, 2 дәке таңу кабинеті, манипуляциялық кабинет және қосалқы бөлмелер бар.

Бөлімше құрылғаннан бері дәрігерлер мен басшылар қатары бірнеше рет ауысты. Әр кезеңдерде бөлімдерді Ерғалиев Әкімбай Жанайұлы және Карағизов Ербол Болатжанұлы басқарды. Қазіргі уақытта хирургия бөлімінің меңгерушісі - жоғары санатты хирург Алексеев Михаил Викторович.

Тәулік бойы стационар мен емханалық қабылдауды жүргізу бойынша тәжірибелік  қызметті 5 дәрігер-хирург және 1 онкогинеколог жүзеге асырады:

-Кали Доскей Есимбекулы

-Ахметов Нурбол Ерланович

-Тонких Вячеслав Юрьевич

-Бекеева Жанна Камаловна

Барлық  дәрігерлердің біліктілік санаты бар. Маман сертификаттарымен 100% медициналық қызметкер қамтамасыз етілді.

Жоғары санатты аға медбике О.В. Сердобинцеваның басшылығымен орта және кіші медицина қызметкерлері жұмыс істейді. 

         Хирургия бөлімшесінде жыл сайын 600-ден астам операция жүргізіледі. Хирургтардың біліктілігі мен тәжірибесі, бөлімшенің құрал-жабдықтармен және дәрілік препараттармен жабдықталуы барлық ішкі мүшелерге операция жасауға: гастрэктомия, қосалқы гистерэктомия, өңештің төменгі кеуде бөлігінің резекциялары, плевра ішіндегі эзофагогастроанастомозды асқазанның проксимальды резекциясы, нефрэктомиялар, ішек операциялары, сондай-ақ сүт бездерінің ісіктерін алып тастау операцияларын жүргізуге  мүмкіндік берді.

2016 жылдан бастап қуық ісіктерінің эндоскопиялық трансуретральды резекциялары жүргізіледі.

Дәрігер хирург Ахметов Нұрбол Ерланұлы Ақмола облысында алғаш рет қуық обырына байланысты ота жасады (несеп деривациясының әртүрлі нұсқаларымен радикалды цистпростатэктомия).

2018 жылы жалпы  650 операция жасалды, оның ішінде  86,7%-ды хирургия бейіні құрады. Ал операциядан кейінгі асқынулар пайызы 2,8%-ды, операциядан кейінгі өлім-жітім 3,5%-ды құрады.

vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).