Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ -103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қазанда № 24765 болып тіркелді
"Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Денсаулық сақтау субъектілері |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде); |
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
||
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап денсаулық сақтау субъектісі – сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - 3 (үш) сағаттан аспайды; |
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – отыз минут; |
||
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – отыз минут. |
||
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
|
2) порталға жүгінген кезде-азаматтардың жекелеген санаттарына электрондық үкіметтің жеке кабинетінде қарау режимінде 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанында дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды ұсыну; |
||
3) қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
||
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
7 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
8 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін; |
9 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге: |
тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); |
||
2) порталға: |
||
электрондық түрде сұрау салу. |
||
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы, порталға тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, бір реттік парольді беру арқылы немесе хабарламаға жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады. |
||
10 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
2) ТМККК шеңберінде және (немесе) амбулаториялық жағдайларда МӘМС жүйесінде азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беретінін осы медициналық ұйымға бекітудің болмауы. |
||
11 |
Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
||
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс. |
||
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. |
Report