1 | Қызмет көрсетуші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мекенжайы) | Қызмет көрсетуші – дүйсенбіден сенбіге дейін (дүйсенбі-жұма сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), кезекші дәрігерлердің демалыс (жексенбі) және мереке күндеріндегі жұмысын қамтамасыз ете отырып. Мемлекеттік қызметті алуға өтініштер жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін қабылданады. 2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Ресми сайттың мекен-жайы: https://www.amob.kz/ru/ |
2 | Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат | Қызметтер бойынша: "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру"; "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру "мемлекеттік қызмет. "Дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну " мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ, анықтама беру, дәрілік заттарды, мамандандырылған емдеу өнімдерін, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру болып табылады. |
3 | "Электрондық үкімет"веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәсілі туралы ақпарат | 1) қызмет көрсетуші (тікелей өтініштер кезінде); 2) электрондық үкіметтің"веб-порталы (бұдан әрі – портал)." |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі | 1) қызмет берушіге: жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); |
2) порталға: электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе веб-порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) алады. | ||
7 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 1) қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
2) қызмет алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. | ||
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар | Қызмет алушының мемлекеттік қызметті электрондық нысанда порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы, бір реттік парольді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен алу мүмкіндігі бар. |
Қызмет алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. | ||
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандустың, шақыру түймесінің, соқырлар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жолдың, күту залының, құжаттардың үлгілері бар тіректің болуы. | ||
Қызмет алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. |
Report