Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 29 шілдедегі
№ ҚР ДСМ-69 бұйрыққа
2-қосымша

Қазақстан Республикасында
Стационарлық жағдайларда
медициналық көмек
көрсету стандартына
8-қосымша

"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Стационарлық жағдайда көмек көрсететін медициналық ұйымдар

2

Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беретін ұйымдардың атаулары және (немесе) "электрондық үкімет пен ұялы байланыс абоненттік құрылғыс"" веб -порталына нұсқау

Стационарлық жағдайда көмек көрсететін медициналық ұйымдар, "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жүгінген күні көрсетіледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінары автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде – нысан бойынша қағаз түрінде стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

2) порталға электрондық форматта жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 8.00- ден 17.00-ге дейін .

Көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.

2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда еңбек заңнамасына сәйкес тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде).

Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:

1) жеке куәлік және/немесе оның заңды өкілінің куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

"электрондық үкімет" порталы арқылы:

мемлекеттік қызметті алуға сұраныс;

жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Стандартта белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200027218


vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).