Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

Жатыр мойны обыры - бұл жатыр мойны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік. Әйелдер арасында жатыр мойны обыры сүт безі қатерлі ісігінен кейінгі екінші орында тұр.

Жатыр мойны обырының ең жоғары деңгейі 40-44 жас аралығында кездеседі. Ең басында бұл ауру еш симптомсыз болуы мүмкін. Жатыр мойны обырының ерте көріністерін жыныс жолдарынан сулы немесе қанды бөліністерден байқауға болады. Бөліністердің жағымсыз иісі болуы мүмкін. Іштің және бел аймағының төменгі бөлігіндегі ауырсыну қосылады, ал кейінгі кезеңдерде арқа мен аяқтың ауыруы, салмақ жоғалту, аяқтың ісінуі, зәрдегі қанның пайда болуы сияқты белгілері байқалады.
Қазіргі уақытта адам папиллома вирусының (АПВ) жиілігі мен жатыр мойны обырының даму қаупінің өзара байланысы дәлелденіп отыр. АПВ-ның 100-ден астам түрі бар. Бұл вирустардың көпшілігі теріде сүйелдер тудырады және ешқандай қауіп төндірмейді. Бірақ бұл вирустың шамамен 30 түрі жақын аймақтың шырышты қабығын тітіркендіреді. Олардың жартысына жуығы жыныс мүшелерінде сүйелдер тудырады (сүйел түймешіктері, жыныс жолдарындағы сүйелдер), ал вирустың 14 түрі қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін, оларды қауіптілігі жоғары АПВ деп атайды. Қауіптілігі жоғары АПВ-ның ең маңыздылары АПВ 16 және 18 болып табылады, өйткені олар бүкіл әлем бойынша жатыр мойны обырының шамамен 70-72%  негізгі себебі болып табылады.

Адам папиллома вирустары жыныстық қатынас арқылы таралады және көбінесе жастарда кездеседі. Олар әдетте иммундық жүйемен бейтараптандырылып, инфекция өздігінен емделеді. Алайда, жоғары қауіпті АПВ-ның ұзақ уақыт болуы жатыр мойнының қалыптан тыс жасушаларының дамуына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай қатерлі ісікке дейінгі кезең болып саналады, ол жатыр мойны обырына айналуы мүмкін. Жатыр мойны обыры қатерлі ісікке дейінгі барлық адамдарда дамымайды, бірақ оның кімде болатынын болжау өте қиын.

Жатыр мойны обырының алдын алудың алғашқы шаралары -профилактикалық егулер. АПВ қарсы вакцина өлімге апаратын аурумен күрестегі нағыз қорғанысын болып табылады. Егер АПВ-ға қарсы вакцинация жасөспірім кезінде, жыныстық өмір басталғанға дейін жүргізілсе, жоғары тиімділікке ие. Бірақ вакцинацияның тиімділігі қартайған кезде де жоғары. Адам АПВ түрлерінің бірін жұқтырған болса да, ол оны басқалардан қорғай алады.

Жатыр мойны обырын ерте диагностикалаудың тиімді әдістерінің бірі скринингтік бағдарламаға қатысу. Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған Ұлттық скринингтік бағдарлама жатыр мойнынан ПАП-тестке жағынды алу түрінде 30 мен 70 жас аралығындағы әйелдерге әр 4 жыл сайын тегін жүргізіледі. АПВ-ға қарсы вакцинацияланған әйелдер де жатыр мойны обырының тұрақты скринингінен  өтіп тұруы қажет. Тұрақты цитологиялық талдаулармен бірге егу денені аурудан қорғауды одан әрі арттырады, бұл көптеген әйелдердің өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді.

«Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК онкоорталығы

Дәрігер гинеколог

Жармухамбетова Анар Сандыбаевна

vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).