г.Кокшетау, ул. РАХИМБЕКА САБАТАЕВА, 1

Новости

Кешегі Көкшетау, бүгінгі Ақмола облысының нейрохирургия қызметі 1968 жылдан бастау алады. Ол жылдары травматология бөлімшесі жанынан 10 кереуеттік нейрохирургия қызметі ұйымдастырылды. Бұл қызметті ұйымдастырушы әрі тұңғыш нейрохирургі Кромм Альберт Александрович болды. 1972 жылғы 2 қазанда ол жеке дара ашылған нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды. Аталған бөлімшенің алғашқы ординаторы болып В.В. Беспалько істеді. А. Кромм мен В. Беспалько кәсіби шеберлігін арттыру сынағынан Алматыдағы дәрігерлердің мамандығын жетілдіру институтында өтті. Бөлімше дәрігерлері бас пен арқадағы мыйдың жарақаты және орталық жүйке жүйесінің науқастарын емдеумен айналысты. 1975 жылы алғаш рет эхоэнцефалоскоп пайда болып, бөлімше нейрохирургтары бірден емдеудің осы әдісін игере бастады. Бұл зерттеулер күні бүгінге дейін өзінің маңызын жоймай, күнделікті жұмыс барысында іскерлікпен қолданылуда. Көкшетау қаласындағы зауыттардың бірінің мамандарының көмегімен каротидтік ангиография жасау үшін сериограф пен жартылай автоматты шприц жасалды.

1974 жылдан мұнда Целиноград медицина институтының түлегі В.И. Бурдин қызмет атқаруда. 1977 жылдан нейрохирургия бөлімшесіне абыроймен жетекшілік еткен жоғары білікті дәрігер, СССР денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Виктор Васильевич Беспалько 2011 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін де бөлімшеде ординатор-нейрохирург болып жұмыс істеуде. 1978 жылдан бөлімшеде Баймұқанов Руслан Дәулетұлы, Ермолаев Олег Валентинович, Әшетов Сергей Құбашұлы істеді. 1983 жылдан жоғары санаттағы білікті дәрігер Ким Владимир Иванович істеуде. 1986 жылы бөлімшедегі кереует саны 45-ке жетті. Соңғы бес жыл ішінде Ақмола облыстық ауруханасында тәулік бойы жұмыс істейтін нейрохирургия қызметі ұйымдастырылды. Ал 1996 жылы компьютерлік томограф орнатылды. Осы сәттен бастап диагностика және нейрохирургия науқастарын емдеу біршама жақсарды. Соңғы жылдары ангиграф және магниттік-резонанс томограф орнатылды. Бұл құрал-жабдықты тиімді пайдаланудың нәтижесінде жедел түрде емдеудің көлемі ұлғайып, жедел әрекет жасайтын әдістер қолданылды. Хирургтық емдеу әдістерін жақсы меңгерудің нәтижесінде, операциядан кейін бас пен арқа мый жарақатына бақылау жасау едәуір жақсарды. Бас мыйының ісігін хирургтық жолмен емдеп, арқа мыйының ісігін алу, омыртқаның өң бойымен арқа патологиясын хирургиялық жолмен емдеуге де қол жеткізілді. Қазіргі таңда бөлімшеде Острецов Игорь Борисович, Бекенов Талғат Серікұлы, Даниленко Александр Юрьевич, Аяғанов Ерлан Серікұлы қызмет етуде.

2021 жылдан бөлімшені жоғары санаттағы білікті дәрігер Бекенов Талғат Серікұлы басқарып отыр. Қазақстанның медициналық басылымдарында еңбектері жиі жариялануда. Бірнеше мәртебе жақын және алыс шетелдерде оқып келді. Аға мейірбике Кокшарова Зухра Рафиковнаның жоғары білікті дәрежесі бар. Қажырлы еңбегі үшін бірнеше мәрте құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен марапатталды. Соңғы жылдары жедел түрде емдеудің мына әдістері енгізілді: омыртқаның барлық деңгейі бойынша транспедикулярлық фиксация жасау, бас қуысындағы қысымның мониторингісі. Нейрохирургия бөлімшесі әрдайымда санитарлық авиацияның көмегімен облыс аудандарына консультативтік көмек көрсетуде. Астанада 2008 жылы профессор С.К. Ақшолақовтың жетекшілігімен республикалық ғылыми нейрохирургия орталығының ашылуы Ақмола облысында нейрохирургия қызметін онан әрі дамытуға және жетілдіруге жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізді.

vaccine ru

banner call

Уважаемые посетители!


Рад приветствовать вас на официальном сайте Многопрофильной Акмолинской областной больницы! Надеюсь, что с помощью нашего сайта мы сможем стать ближе к вам, найти взаимопонимание в вопросах оказания медицинских услуг и наладить обратную связь. Любое ваше обращение не останется без внимания, ваши предложения и замечания будут приняты к сведению и помогут нам усовершенствовать вопросы организации медицинской помощи.

Будьте здоровы!

С уважением, Жаров Нурлан Каирович.


20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).