г.Кокшетау, ул. РАХИМБЕКА САБАТАЕВА, 1

Новости

Травматология бөлімшесі 1962 жылы ұйымдастырылды. Бұған дейін жарақат алған науқастар хирургия бөлімшесінде емделген болатын. Алғашқы травматологиялық операцияны М.И. Шапошникова жасады. Бөлімшені құрылған сәттен бастап Г.И. Пфафф басқарды, бөлімшеде ординаторлар болып П.П. Гетьман, В.Р. Комник істеді. Олар облысымызда травматология қызметін дамытып, науқастарды емдеуде тәжірибе жинақтады. Ортопедияны меңгерудің нәтижесінде науқастар облыстан тысқары жерлерге барып емделмейтін болды. 1967 жылдан бөлімшеге П.П. Гетьман жетекшілік етті. Ол Харьковтағы клиникалық ординатурада оқып, республикамызда ортопедия-травматология мектебінің негізін қалауға сүбелі үлес қосты. Бұл кезде бөлімшеде А.С. Өтепов, В.Е. Галиченко, Е.В. Кокорева істеді.

    1970-1973 жылдары ұжымға Байда Евгений Григорьевич, Фомин Юрий Павлович, Малышенко Виталий Константинович келіп қосылды. Осы сәтте Илизаров бойынша синтездеудің  жаңа әдістері енгізілді. Әртүрлі деңгейдегі тері пластикасы, тірек аппараттарының патологиясы, зақымданған кездегі ортопедиялық операция, сүйек-пластикалық сынақтар жүзеге асырылды. 1971 жылдан жедел түрде тәулік бойы травматологиялық қызмет көрсетіле басталды. 1983-1984 жылдар аралығында бөлімшедегі ардагер дәрігерлерді жас мамандар Пак Игорь Альбертович, Цой Владимир Алексеевич, Нефедов Борис Маркович алмастырды. Е.Г. Байданың жетекшілігімен бөлімше дәрігерлері Илизаров аппаратын кеңінен қолданып, тізе буындарын байланыстыратын пластикалық әдістерді де кеңінен пайдалана бастады. Осы уақытта бөлімшеге жас дәрігерлер Перерва Александр Иванович пен Сүлейменов Жетпіс Жүкенұлы қызметке алынды.

   2003 жылы бөлімшені дәрігер травматолог-ортопед В.А. Цой басқарды. Ол – жоғары санаттағы маман, медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Соңғы жылдары бөлімше дәрігерлері меңгерген тиімді әдістің бірі – ірі буындарды тотальді эндопротездеу. Соңғы жылдары бөлімше ұжымы жас дәрігерлер Крупский Алексей Михайлович, Бекмұхамбетов Мұратбек Мұсылмамбекұлы, Өтелбеков Нұржан Нұрланұлы, Қайыржанов Елдос Маратұлы, Духанин Семен Николаевичпен толықты. Жоғары санаттағы маман Воронова Ольга Васильевна аға мейірбике болып 1986 жылдан істейді, бірнеше мәртебе грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды. Мейірбикелер кеңесінің мүшесі және жас кадрлардың тәлімгері. Травматология бөлімшесінде өз ісін жетік білетін мейірбикелер Н.И. Титова, Л.В. Мунько. В.С. Остапчук, Н.И. Галузинская, Л.И. Нестор, Л.И. Зайцева істеді, бертін олардың қатарына Т.В. Беккер, Н.П. Романова, Б.А. Тасболатова, О.В. Воронова, Л.П. Клишавчук, А.В. Балтағарина келіп қосылды. Бөлімше қызметкерлері санқырлы тәжірибесі және кәсіби шеберлігінің арқасында науқастардың алғысына бөленіп отыр.

{gallery}2020/files/otdeleniya/21{/gallery}

vaccine ru

banner call

Уважаемые посетители!


Рад приветствовать вас на официальном сайте Многопрофильной Акмолинской областной больницы! Надеюсь, что с помощью нашего сайта мы сможем стать ближе к вам, найти взаимопонимание в вопросах оказания медицинских услуг и наладить обратную связь. Любое ваше обращение не останется без внимания, ваши предложения и замечания будут приняты к сведению и помогут нам усовершенствовать вопросы организации медицинской помощи.

Будьте здоровы!

С уважением, Жаров Нурлан Каирович.


20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).