Емхана бір ауысымда 150 келушілерге медициналық көмек көрсетуге арналған.
Тері аурулары, тері асты-май талшықтары және жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулары бар науқастарға мамандандырылған консультациялық диагностикалық медициналық көмек көрсетеді.
Халыққа емдік көмек көрсету үшін 2 құпия қызмет көрсету кабинеті жұмыс істейді, бұл ЖЖБИ-ды емдеуге жеткілікті қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Емханада микологиялық кабинет бар, онда микологиялық науқастарды қабылдау, емдеу және диспансерлеу жүргізіледі.
Дерматовенерологиялық қызмет емханасы қызметкерлерінің тізімі.
№ |
Т.А.Ә |
Лауазымы |
Еңбек өтілі |
Қызметтер |
1 |
Соколова Наталья Евгеньевна |
Басшы |
25 жыл |
Дерматовенерология қызметінің басшысы |
2 |
Муслимова Надия Маратовна |
Дәрігер дерматовенеролог |
12 жыл |
Емханада пациенттерді қабылдау және медициналық қызмет көрсету |
3 |
Бегенов Серик Сагынтаевич |
Дәрігер дерматовенеролог |
24 жыл |
Емханада пациенттерді қабылдау және медициналық қызмет көрсету |
4 |
Филатова Людмила Андреевна |
Дәрігер дерматовенеролог |
43 жыл |
Емханада пациенттерді қабылдау және медициналық қызмет көрсету |
5 |
Куликова Светлана Николаевна |
Дәрігер дерматовенеролог |
20 жыл |
Емханада пациенттерді қабылдау және медициналық қызмет көрсету |
6 |
Мусетова Анаргул Омиркановна |
Дәрігер дерматовенеролог |
24 жыл |
Бөлімше тері аурулары, тері асты май жасушалары бар науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Бұл көмек амбулаторлық және стационарлық жағдайда жүргізіледі. |
7 |
Омарова Раушан Нурумовна |
Дәрігер дерматовенеролог |
21 жыл |
Бөлімше жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Бұл көмек амбулаторлық және стационарлық жағдайда жүргізіледі. |
Емхананың жолдамасымен ҚР азаматтарына ақысыз, ал шетел азаматтарына ақылы негізде кез келген жастағы адамдарға медициналық көмек көрсетіледі.
Емхана бөлімшесінде көрсетілетін ақылы медициналық қызметтер:
- Дерматовенеролог дәрігердің алғашқы қабылдауы (қарау, кеңес беру).
- Дерматовенеролог дәрігердің қайтадан қабылдауы (қарау, кеңес беру).
- Дерматовенеролог дәрігердің диспансерлік қабылдауы (қарау, кеңес беру).
- Дерматовенеролог дәрігердің профилактикалық қабылдауы (қарау, кеңес беру).
- Теріден қырынды алу.
- Дерматовенерология бейіні бойынша медициналық емес мекемелерге денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ресімдеу және беру.
- Бассейнге бару үшін анықтаманы ресімдеу және беру.
- Мұрағаттан деректерді ала отырып, стационарлық емделуде болуы туралы анықтаманы ресімдеу.
- Мұрағаттан деректерді ала отырып, жазып берілетін эпикриздің телнұсқасын ресімдеу.
- Қазақстан Республикасында тұруға немесе жұмыс істеуге рұқсат алғаннан кейін дерматовенеролог дәрігердің шетелдік азаматтарды медициналық куәландыруы.
- Сұйық азотпен криодеструкция әдісімен терінің қатерсіз ісіктерін жою (вирусты сүйелдер, вирусты папиломалар, себореялық кератомалар, контагиозды моллюск).
- Бактериологиялық зерттеуге материал алу.
- Цервикальды жағынды алу.
- Қынап жағындысын алу.
- Уретральды бөліністі алу.
- Уретра инстилляциясы.
- ПТР үшін материал алу-жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға зерттеу.
- 3 жастан асқан балалардың ата-анасының балаларын стационарда тамақтандырумен немесе тамақтандырусыз күтуі.
- Тері және тері асты май жасушалары ауруларын, көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды емдеу.