Жаңа туған нәрестелердің реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесі 6 төсек-орынмен қамтамасыз етілген. Бөлімшеге жоғары санатты дәрігер неонатолог Иващенко Юлия Петровна басшылық етеді. Бөлімшенің материалдық-техникалық базасы баланың өмірін сақтап қана қоймай, ауыр асқынулардың дамуын алдын алуға мүмкіндік беретін жоғары талаптарға сәйкес келеді.
Бөлімше меңгерушісі Иващенко Юлия Петровна, жоғары санатты дәрігер неонатолог, еңбек өтілі 16 жыл.
Дәрігер ординаторлар:
Чжен Наталья Валерьевна, жоғары санатты дәрігер неонатолог, еңбек өтілі 19 жыл
Рыспаева Гульден Жолдыбаевна, бірінші біліктілік санатты дәрігер неонатолог, еңбек өтілі 6 жыл