Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы қазіргі Covid-19 індетіне қатысты ахуалмен және өңірдегі денсаулық сақтау қызметінің жағдайымен танысты.
Президентке аймақта коронавирус індетіне шалдыққан науқастардың 22 жұқпалы аурулар стационарында емделіп жатқаны, төсек-орын қоры 2113 орынға жеткізіліп, тағы 5 мыңы резервте тұрғаны туралы баяндалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрі-дәрмек қорымен де қамтамасыз етілген.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қатерлі ісік ауруының белгілері бар және осы дерт бойынша есепте тұрған науқас адамдарға консультативті-диагностикалық көмек көрсетуге мамандандырылған онкологиялық емхананы аралап көрді.
Мемлекет басшысы облыста медицина инфрақұрылымы жақсы қарқынмен дамып, жаңа нысандар бой көтеріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жоспарлы түрде ем алатын азаматтарға, жүрек-қан тамырлары дертімен және қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық қызмет түрлері ковид кезеңіне дейінгі деңгейде болуы тиіс.
Президент денсаулық сақтау саласының мамандарына қажырлы еңбегі үшін ризашылығын білдірді.
– Медицина қызметкерлерінің жұмысына, әсіресе пандемия кезеңінде салмақ түсіп отыр. Еңбек демалысына да бармай, сенбі-жексенбі күндері де дамыл көрмей жұмыс істеп жүргені үшін медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Дәрігерлерге өте қиын, бірақ біз оларды қолдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

vaccine ru

banner call

Құрметті келушілер!


Көпбейінді облыстық аурухананың ресми сайтына қош келдіңіздер!
Біздің сайттың көмегімен сізге жақын бола аламыз, әрі медициналық қызмет көрсету мәселелерінде өзара түсіністікті тауып, кері байланыс орнатуға болады деп үміттенемін. Сіздің кез келген өтінішіңіз назардан тыс қалмайды, ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз ескеріледі және медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелерін жетілдіруге көмектеседі.

Деніңізге саулық тілеймін!

Құрметпен, Жаров Нұрлан Қайырұлы.


20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

aob_koksh@akmzdrav.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).