г.Кокшетау, ул. РАХИМБЕКА САБАТАЕВА, 1

Новости

Ақмола облыстық онкологиялық диспансері құрамындағы химиотерапия бөлімшесі  1989 жылдың аяғында ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта бөлімшеде тәулік бойы болатын 37 төсек-орын және күндізгі стационардың 20 төсек орны жұмыс істейді.

Бөлімшедегі мамандар құрамы:

  • Айтжанова Ляйля Айдархановна – бөлімше меңгерушісі, мамандығы бойынша еңбек өтілі 32 жыл.
  • Мужамеджанова Карлыгаш Жаныбековна – дәрігер химиотерапевт, мамандығы бойынша еңбек өтілі 24 жыл.
  • 8 медбике.

4

Қатерлі ісіктер химиотерапиясы - бұл ісік жасушаларын бөлуді тежейтін немесе қайтымсыз зақымдайтын дәрілік заттарды емдік мақсатта пайдалану.   «Ісіктер химиотерапиясы» термині ісікке тікелей фармакологиялық дәрілердің әсерімен байланысты өсінділерді  дәрі-дәрмекпен емдеудің барлық түрлерін кең мағынада көрсетеді.

Жыл сайын химиотерапия бөлімшесінде түрлі өкпе, сүт безі, асқазан, тоқ ішек және тік ішек обыры, өңеш обыры, аналық без обыры, жатыр мойны обыры, эндометрия, қуық, аналық без обыры, жұмсақ тіндердің және сүйектердің саркомалары, меланомалар, бас миының ісіктері, лимфогрануллематоз, Ходжскин емес лимфомалар және басқалармен науқастанған пациенттер химиотерапия курстарын алады.

5

 

Сондай-ақ, гормонотерапия, иммунотерапия, қатерлі ісіктердің таргеттік терапиясы жүргізіледі. Химиотерапия курсын емдеу және алдын алу мақсатында жүргізеді.

67

Көкшетау облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 21.05.1956 жылғы «Көкшетау облысының онкологиялық қызметін ұйымдастыру туралы» №94 бұйрығына сәйкес облыстық аурухана базасында онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеу үшін 25 төсек-орынды бөлімше ашылды.

1962 жылы – жеке ғимарат бөлінді, төсек-орын саны 40-қа дейін ұлғайтылды, 10 төсек-орынға пансионат ұйымдастырылды, диагностиканың рентгенологиялық және гистологиялық әдістерін және сәулелік емдеу әдісі енгізілді.

1967 жылы   Узкая колея көшесі, 11 мекенжайы бойынша жаңа ғимарат бөлінді, төсек-орын саны 100-ге дейін ұлғайтылды.

Көкшетау облыстық атқару комитетінің 30.07.1986 жылғы № 420 шешімімен 180 төсек-орынды облыстық онкологиялық диспансердің типтік ғимаратының құрылысы басталды,  құрылыс аяқталғаннан кейін 26.01.1990 жылы диспансер толық пайдалануға берілді. 60 төсек-орынды жалпы хирургия бөлімшесі ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта хирургия бөлімшесі  ғимараттың 3 қабатында орналасқан, 40 төсек-орынға  есептелген; мұнда емшара кабинеті, 2 дәке таңу кабинеті, манипуляциялық кабинет және қосалқы бөлмелер бар.

Бөлімше құрылғаннан бері дәрігерлер мен басшылар қатары бірнеше рет ауысты. Әр кезеңдерде бөлімдерді Ерғалиев Әкімбай Жанайұлы және Карағизов Ербол Болатжанұлы басқарды. Қазіргі уақытта хирургия бөлімінің меңгерушісі - жоғары санатты хирург Алексеев Михаил Викторович.

Тәулік бойы стационар мен емханалық қабылдауды жүргізу бойынша тәжірибелік  қызметті 5 дәрігер-хирург және 1 онкогинеколог жүзеге асырады:

-Кали Доскей Есимбекулы

-Ахметов Нурбол Ерланович

-Тонких Вячеслав Юрьевич

-Бекеева Жанна Камаловна

Барлық  дәрігерлердің біліктілік санаты бар. Маман сертификаттарымен 100% медициналық қызметкер қамтамасыз етілді.

Жоғары санатты аға медбике О.В. Сердобинцеваның басшылығымен орта және кіші медицина қызметкерлері жұмыс істейді. 

         Хирургия бөлімшесінде жыл сайын 600-ден астам операция жүргізіледі. Хирургтардың біліктілігі мен тәжірибесі, бөлімшенің құрал-жабдықтармен және дәрілік препараттармен жабдықталуы барлық ішкі мүшелерге операция жасауға: гастрэктомия, қосалқы гистерэктомия, өңештің төменгі кеуде бөлігінің резекциялары, плевра ішіндегі эзофагогастроанастомозды асқазанның проксимальды резекциясы, нефрэктомиялар, ішек операциялары, сондай-ақ сүт бездерінің ісіктерін алып тастау операцияларын жүргізуге  мүмкіндік берді.

2016 жылдан бастап қуық ісіктерінің эндоскопиялық трансуретральды резекциялары жүргізіледі.

Дәрігер хирург Ахметов Нұрбол Ерланұлы Ақмола облысында алғаш рет қуық обырына байланысты ота жасады (несеп деривациясының әртүрлі нұсқаларымен радикалды цистпростатэктомия).

2018 жылы жалпы  650 операция жасалды, оның ішінде  86,7%-ды хирургия бейіні құрады. Ал операциядан кейінгі асқынулар пайызы 2,8%-ды, операциядан кейінгі өлім-жітім 3,5%-ды құрады.

Радиология бөлімшесі 1960 жылы ашылды. Бөлімше жетекшісі құрылған сәттен бастап Қалин Мұрат Ғабдоллаұлы болды. Ол радиологиялық қызметті ұйымдастырып, ұзақ уақыт бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Бөлімше құрылғаннан бері дәрігерлер мен басшылардың қатары ауыстырылып, әр түрлі кезеңдерде бөлімшеде Ж.К. Турегельдин, А. Н. Сагандыков, Г. И. Грабовская, С.Т. Оралова, К.С. Абушева және басқалар жұмыс істеді. 

1960 жылы сәулелік бөлімшеде «белсенді» палаталар (3 палата) қызмет етті. Радиоактивтік кобальт науқастың жатыр қуысына енгізілді, «белсенді емес» палаталарда гамма-терапиялық «ЛУЧ» және рентген-терапиялық «РУМ» сияқты дистанциялық аппараттарда сәулемен емдеу жүргізілді.

1990 жылдың қаңтарында диспансердің материалдық базасы жақсартылды, типтік жоба бойынша салынған емдік және радиологиялық корпустар пайдалануға берілді. Бөлімше сәулелік терапияға арналған жеке блогы бар 55 төсек-орынға есептелген.  Қазіргі ғылым қатерлі ісік ауруларын емдеу әдістерін едәуір жетілдіріп келеді, онкодиспансерде «РОКУС-М», «АГАТ-РМ» жаңа аппараттары және «АГАТ-В3» қуыс ішілік емдеуге арналған аппараттар орнатылды, яғни кобальт көзін жатыр қуысына автоматты түрде енгізу, сондай-ақ  жақын фокусты рентген терапиясына арналған «РЕНТГЕН-ТА» аппаратын пайдалану мүмкіндігі пайда болды.  

2008 жылы гамма-терапиялық аппараттар біршама заманауи аппараттарға ауыстырылды. Онкодиспансерге онкологиялық науқастарға сәулелік терапия жүргізуге арналған жаңа жабдықтар әкелінді.  Радиологиялық бөлімшеде:

  • жақын фокусты және терең рентген-терапия функциясы бар «Gulmay» жаңа аппараты.
  • контактілі сәулелік терапияның барлық спектрінде көздерді жүйелі түрде енгізу принципі бойынша (қуыс ішілік) брахитерапия мәселелерін  тиімді шешу үшін сәулеленуді жоспарлайтын бағдарламасы бар «MultiSourse HDR» жаңа гамма-аппараты.
  • «Theratron-Eguinox80» гамма-терапиялық аппараты, Кобольт-60 сәуле шығару көзі бар, сәулеленуді жоспарлайтын бағдарламасы бар. Бұл аппараттың болуы терең және орталықтанған ісіктердің кез келген қашықтықтан сәулеленуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
  • Сәулемен емдеуге дейінгі дайындық қазіргі заманғы «Acuity» R – терапиялық симуляторын пайдалану арқылы жүргізіледі.  Әр науқасқа топометриялық жоспарлау жүргізіледі.

Сәулелік терапиямен емдеу процесінде үлкен өзгерістер пайда болды, оның қолданылуы кеңейді, емдеу нәтижелері едәуір жақсарды. Сәулелік терапияны жоспарлау, оны пациенттер үшін барынша тиімді  және қауіпсіз жүргізу заманауи жабдықтарды пайдаланудың арқасында мүмкін болып отыр.

Біздің бөлімшеде түрлі қатерлі ісіктері (өкпе, өңеш, бас пен мойын ісіктері, бас миы, сүт безі, асқазан-ішек жолдарының ісіктері, зәр шығару жүйесінің органдары, оның ішінде тері ісіктері, гинекологиялық аурулар және басқалар) бар науқастарға жоғары технологиялық сәулелік емдеу көрсетіледі.

Жақсы жабдықталған техникалық базаның болуы бөлімшеге пациенттерге мамандандырылған көмек көрсетудің жоғары сапалы деңгейіне көшуге мүмкіндік берді.

           Сәулелік терапия операцияға дейінгі және операциядан кейінгі сәулелендіру ретінде, синхронды химиосәулелік терапия жүргізу ретінде, операцияға дейінгі және операциядан кейінгі емдеу ретінде, операциядан кейінгі еммен біріктіріп емдеудің дербес әдісі ретінде пайдаланылады. Фракциялаудың мультифракциялау, динамикалық, ірі және орташа фракциялау секілді қазіргі заманғы режимдері қолданылады. Сәулеленудің статикалық, ротациялық, секторлық, екі векторлық тербеліс секілді әртүрлі нұсқалары қолданылады. Онкологиялық науқастардың айқын ауырсыну синдромы кезінде паллиативтік емдеу жүзеге асырылады.

     Емді дайындау және жүргізу процесінде науқастың физиологиялық жағдайын, сондай-ақ қалпына келтіруді қамтамасыз ететін пациенттерді тіркеу жүйелері мен дәрі-дәрмектер жиынтығы толығымен жаңартылды. Сәулелік емнің көтерілуін жақсарту үшін арнайы ісікке қарсы емнің жағымсыз реакцияларын тоқтатуға ықпал ететін реттеуші терапия  қолданылады.

Бұл бөлімше 55 төсек-орынға есептелген. Оның ішінде 45 стационарлық және 10 күндізгі стационарда ем алады. Біздің бөлімшемізде бір жыл ішінде 500-дей  пациент емделеді.

Бөлімшеде жоғары біліктілігі бар 4 сәулелік терапевт, физик, медбикелер және санитарлар жұмыс істейді.

Бөлімше меңгерушісі – Каринов Мұрат Жәнібекұлы - дәрігер-радиолог

Радиолог дәрігерлер: Ахмадиева Гульмира Баймкановна- Жоғары санатты дәрігер

                                         Жармуханбетова Анар Сандыбаевна

                                   Тауекелов Асет Дулатович - резединтурадан кейін жас маман

Радиологиялық бөлімшенің аға медбикесі – Мукашева Алмагуль Айдашевна жоғары санатты медбике, еңбек өтілі 35 жылдан астам. Радиологиялық бөлімшеде 10 медбике жұмыс істейді және барлығының біліктілік санаттары бар.

Кеуде хирургия бөлімшесі 1990 жылы ұйымдастырылды. Құрылған сәттен бастап бөлімшені Марат Әбжапарұлы Оспанов басқарды. Ол торакалды қызметті ұйымдастырып, ұзақ уақыт бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Ол сауатты, кәсіби, өз мамандығына адал маман ретінде танылды.

Кеуде хирургия - өте күрделі және қауіпті сала. Кеуде хирургия бөлімшесі диспансердің жаңа ғимаратының ашылуы кезінде ұйымдастырылған, 25 төсек-орынды, негізгі корпустың 4 қабатында орналасқан, 6 төсектік қарқынды терапия палатасы , емшара, дәке таңу, манипуляциялық қосалқы кабинеттер және жедел блок қызмет етеді.  Қарқынды терапия палатасы орталықтандырылған оттегі берумен жабдықталған.                                                                                                     

Бөлімше жұмыс істеген уақытта С.Ж. Ильясов, К.С. Идрисов, Д.Е. Кали, И.В. Зеленский, сондай-ақ жоғары санатты дәрігер-анестезиолог-реаниматологтар: М. М. Абдрахманова, Д.Ж. Ахметова және Г.В. Погрецкая қызмет атқарды.

Бұл бөлімшеде түрлі қатерлі ісіктері бар науқастарға (өкпе, сүт безі, сондай-ақ тері ісіктері) көмек көрсетіледі.

Қазіргі уақытта бөлімше меңгеруші екінші санатты дәрігер-торакальды хирург М. Д. Атамбаев. Торакалдық бөлімшенің аға медбикесі - Касенова Гульнара Дайырбековна, жоғары санатты, еңбек өтілі 30 жылдан астам.

Бөлімшеде келесі дәрігерлер жұмыс істейді:

Хирург дәрігерлер: Утекин Н.К., Магзамова А.С. , Саттыбаев И.А. сондай - ақ жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер: Латиф М.С, Погрецкая Г.В.

Орташа медицина қызметкерлері: 9 адам, оның ішінде 5 жоғары санатты, 1 бірінші санатты, 1 екінші санатты.

Кіші медицина қызметкерлері: 10 адам.

Бөлімшеде негізгі резекционды (маңдай, өкпенің билобэктомииясы, сегментэктомия, пульмонэктомия, өкпенің торакоскопиялық резекциясы) және хирургиялық коллапс (экстра, интраплевральды торакопластика және торакомиопластика) операциялар, сондай-ақ ісіктерді және көкірек қуысының қатерсіз пайда болуын жою бойынша операциялар жүргізіледі. Сонымен қатар бас пен мойын ісіктері (геми, тиреоидэктомия, тілдің резекциясы, сілекей бездерінің ісіктері, пластикалы еріндер және футлярлы-фасциалды мойын диссекциялары) бойынша операциялар жүргізіледі.

Бір жыл ішінде бөлімшеде 1000-ға жуық стационарлық және амбулаторлық операциялар жүргізіледі.

Мынадай тақырыптарда мастер-кластар өткізілді:

 1. Өкпенің орталық обырында өкпенің бронхопластикалық резекциясы.

2. Өкпе обыры кезіндегі торакоскопиялық лобэктомия.

Бөлімше диспансердің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, спорттық және мәдени іс-шараларда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.

«Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК онкология орталығының емханасы күніне 115 келушіге арналған.

Емхана меңгерушісі Идрисов Қуаныш Сайлауұлы – онкология  орталығында 14 жылдық еңбек өтілі бар жоғары санатты дәрігер.

Мынадай мамандарды қабылдау кабинеттері жұмыс істейді:

Маммолог –                    Идрисов Куаныш Сайлауович.

 Онколог- гинеколог -   Жармуханбетова  Анара Сандыбаевна.

Уролог онколог -            Нургалиев Рауан   Аскарович.

Хирург онколог –            Қали Доскей Есімбек ­- ұлы.

                                            Ахметов Нурбол Ерланович

Торакальды хирург –  Утекин  Нариман Кайратович

                                            Магзамова Айгерим Сериковна

Химиотерапевт –            Айтжанова  Лейла Айдархановна.

Отоларинголог –             Баймаганбетова  Шолпан  Даулетбековна.

Ауырсынуға қарсы терапия -    Тонких Вячеслав Юрьевич

Онкология орталығында мынадай кабинеттер жұмыс істейді:

1) Амбулаториялық химиотерапия кабинеті – провизор Абдирова  Валентина Есенжоловна. Фармацевт Касымова Елена Анатольевна.

 Мұнда жыл сайын 1800-ден астам пациент ем алады.

 Амбулаториялық химиотерапия құрамына заманауи жоғары тиімді таргеттік препараттар кіреді.

2)Эндоскопия кабинеті - зерттеудің келесі түрлерін жүргізеді:

Фиброгастродуоденоскопия, фибробронхоскопия, фиброколоноскопия, цистоскопия, ректороманоскопия, сонымен қатар колоректалды обырды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі.

Зерттеуді көп жылдық еңбек өтілі бар дәрігерлер жүргізеді: "Көпбейінді облыстық аурухана" ШЖҚ МКК эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Погорелов Алексей Юрьевич. Эндоскопия дәрігері, екінші санатты Данияров Рустем Сайлаубекович.

3) Компьютерлік диагностика кабинеті – зерттеуді "Көпбейінді облыстық аурухана" ШЖҚ МКК сәулелік диагностика меңгерушісі, бірінші санатты дәрігер Раимгуль Жолдангаровна Басымова жүргізеді.

Ликерова Майя Иосифовна- жоғары санатты дәрігер.

4)Рентген кабинеті- Червининов  Виктор Николаевич дәрігер рентгенолог, жоғары санатты, сәулелік диагностиканың келесі түрлерін жүргізеді: өкпе, өңеш, асқазан, ішек рентгені, ирригоскопия, пневмокистография, экскреторлық урография және т. б.

Жыл сайын маммографиялық скинингтер 30 000 әйел өтеді.

5) дәке таңу кабинетінде биопсия, трепанбиопсия және онко цитологияға талдау алу жүргізіледі …

Емханада күн сайын консилиум өткізіледі, мультидисциплинарлық топтың құрамына онкологиялық орталық бөлімшелерінің меңгерушілері кіреді. Консилиумдар диагноздар мен аурулардың сатыларын анықтау және асқынған жағдайларды талдау үшін жүргізіледі. Диспансерлік есепте тұрған пациенттерді ТМККК шеңберінде жылына бір рет квота бойынша, Астана қаласында ПЭТ-ын тексеруге жібереді. Бірқатар жағдайларда Алматы қаласындағы алдыңғы қатарлы онкология және радиология институттарына емдеуге жіберіледі.

Штаттық кестеге сәйкес онкоценрдің консультациялық - диагностикалық емханасында 9 медбике жұмыс істейді . Оның 7-нің жоғары біліктілік санаты бар, біреуі бірінші санатты және біреуінің 3 жылдық еңбек өтілі бар. Екі медициналық тіркеуші және екі кіші медициналық персонал қызмет көрсетеді.

 Онкологиялық бағдарлама аясында 2017 жылдың тамыз айынан бастап ауысымда 150 адам қабылдайтын жаңа емхана құрылысы жүргізілуде.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап 2018 жылдың қыркүйек айына дейін бөлімше Зеренді ауданының Шағалалы ОДА ғимаратында орналасты.

 2018 жылдың қазан айынан бастап қалпына келтіру   және паллиативтік көмек көрсету бөлімшесі тері-венерологиялық диспансері ғимаратының 3 қабатына  орналасты.

 Бөлімше 20 төсек-орынға арналған. Бөлімшенің медициналық персоналының штаты штат кестесі шегінде белгіленеді.

 Тонких Вячеслав  Юрьевич   бөлімше меңгерушісі, еңбек өтілі 12 жыл, бірінші санаты дәрігер

 Шаимова Карлыгаш Габдулгамаровна  -  жоғары санатты аға медбике еңбек өтілі 22 жыл

Мухамеджанова Алла Кушербайевна -  медбике, еңбек өтілі 26 жыл, жоғары санатты

Байгулбаева Гульнар Асылбековна  - медбике, еңбек өтілі 16 жыл

Дюсенбина Алия Кайыровна  - медбике, еңбек өтілі  6 жыл

Кожахметова Айгерим Мухтаровна – медбике, еңбек өтілі 4 жыл

Пациенттерге қолайлы жағдайлар жасалған: бес мезгілдік тамақтану, ыстық су, қалааралық телефон байланысы, жергілікті және жерсеріктік теледидар  пайдалануға қолжетімді. Паллиативтік көмек көрсету бөлімшесі мамандандырылған емдеу нәтиже бермесе, асқынған сатысы бар емделмейтін науқастарға білікті медициналық және психологиялық көмек көрсететін көпбейінді аурухана құрамындағы бөлімше, пациенттер медициналық-әлеуметтік, психологиялық қолдауды қажет етеді.

 Бөлімше мұндай емделушілердің туыстарына көмектесуге, олардың физикалық және психикалық-эмоциялық ахуалдарын жеңілдетуге арналған.

Жедел ем, химиялық-сәулелік терапия алған пациенттер бұл бөлімшеге оңалту үшін жіберіледі. Бұл іс-шара пациенттер ағзасының функцияларын тез арада қалпына келтіруге ықпал етеді. Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер пациенттерге ғана емес, олардың отбасы мүшелеріне де әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді.

vaccine ru

banner call

Уважаемые посетители!


Рад приветствовать вас на официальном сайте Многопрофильной Акмолинской областной больницы! Надеюсь, что с помощью нашего сайта мы сможем стать ближе к вам, найти взаимопонимание в вопросах оказания медицинских услуг и наладить обратную связь. Любое ваше обращение не останется без внимания, ваши предложения и замечания будут приняты к сведению и помогут нам усовершенствовать вопросы организации медицинской помощи.

Будьте здоровы!

С уважением, Жаров Нурлан Каирович.


20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).