Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

КДЗ қызметтері

«Көпбейінді облыстық аурухана»  ШЖҚ МКК-ң  клиникалық-диагностикалық зертханасының ұжымында 11 дәрігер –зертханашы, 7 -жоғары санатты дәрігер, 2 - бірінші санатты дәрігер, 1 - екінші санатты дәрігер қызмет етеді.

Орта зертханашылардың санаттылығы – 71,9 % (30% еңбек өтілі3 жылға дейін)

2009 жылдан бастап КДЗ меңгерушісі қызметін Г.А. Доскумбаева атқарып келеді,  ол жоғары санатты дәрігер, Ақмола облысының зертханалық қызметінің штаттан тыс бас маманы.
А.Д. Муканова 2003 жылдан 2018 жылдың тамызына дейін КДЗ-ң аға зертханашысы қызметін атқарды, жоғары санатты зертханашы, КД зерттеулердің барлық түрлерін меңгерген, гемостаз бөлімінде жұмыс істейді.

Қалалық әкімдіктің және облыстық аурухана әкімшілігінің грамоталары мен алғыс хаттарын иеленген. Ұжымда үлкен құрметке ие. Қазіргі уақытта Президент істерін басқару Медициналық орталығының ауруханасында аға зертханашы болып жұмыс істейді.

2018 жылдың қазан айынан бастап аға зертханашы қызметін Н.П. Лиманская атқарады, жоғары санатты.

КДЗ-ң шаруа-бикесі  З. Атыгаева.

Бейіндер бойынша зерттеу түрлері:

  1. Гематологиялық бейін (ЖҚТ, сүйек кемігін зерттеу, ферритин, В12, фолий қышқылы)
  2. Гормоналды бейін (қалқанша безінің гормондары, жыныстық гормондар, кортикостероидтар және т. б.)
  3. Липидті бейін (жоғары және төмен тығыздықтағы холестерин, триглицеридтер, гомоцистеин)
  4. Диабеттік бейін (глюкоза, гликозилденген гемоглобин, зәр қышқылы, холестерин)
  5. Гастроэнтерологиялық бейін (хеликобактер пилори  ФГДС, ИФА әдісімен, нәжістегі ұйқы безінің эластазасы, нәжістегі хеликобактер пилори, кальпротектин, қарапайым және гельминттер ИФА әдісімен, ферменттер, жалпы клиникалық зерттеуге арналған өт)
  6. Аутоиммунды бейін (АССР, АМА М2, АНА, табиғи ДНҚ ат,  глиадинға ат, АФС антиденелер, жегі аниткоагулянты)
  7. Онкологтық бейін (сүт безі, аналық без, асқазан-ішек жолдары, өкпе, бауыр, қуықасты безінің ісік маркерлері, жалпы ісік маркері)
  8. Жыныстық инфекциялар бейіні (хламидиоз, уреаплазма, микоплазма, гонорея, трихомонада, ВПЧ 16/18, вирустар – ЦМВ, II типті герпес, Эпштейн Бар вирусы, В және С гепатиті сандық – ПЦР әдісімен)
  9. Сифилисті  диагностикалау (скрининг, растау)
  10. Жүкті әйелдердің генетикалық скринингі.
  11. Цитологиялық бейін (барлық органдардың, соның ішінде қалқанша безінің препараттарын цитологиялық зерттеу)

 Қолданылатын халықаралық сараптамалық сыныпты жабдықтар:

«AU -680»  биохимиялық талдағышы Бекман Культер  АҚШ , «Cobas E 411» ИХЛ талдағышы  Рош Диагностика, «Cell Dyn Ruby» гематологиялық талдағышы Абботт,  Сисмекс XР -300 ,  « CA 1500» автоматты  коагулометр  , «Bactec FX -40» бактериологиялық талдағышы және басқалар.

2022 жылға арналған жұмыс кестесі


р/н

Жұмыс күндері

Зерттеу түрлері

Қабылдауды бастау

Қабылдауды аяқтау

Нәтижелерді беру

1

Дүйсенбі жұма

Зерттеудің барлық түрлері

08.00сағ

13.00сағ

15.00-16.00сағ

2

Жұмыс телефоны

26 -96- 08

16.00 дейін

 

 

  
Нәтижелерді беру мерзімдері


р/н

Зерттеудің атауы

Нәтижені беру күні

1

Гематологиялық, биохимиялық зерттеулер, ИХЛ, гемостаз, микрореакция, цитологиялық талдаулар. Зәрді жалпы талдау, Зимницкий бойынша зәр талдауы, қақырықты жалпы талдау, қуықасты безінің секрециясын талдау, демодикозға, патогенді зеңге, гельминт жұмыртқасына нәжіс, копрограмма (және басқа да жалпы клиникалық зерттеу түрлері)

Сол күні

2

ИФА, ПТР зерттеу, аутоиммунды, генетикалық диагностика

  48сағ

  Клиникалық-диагностикалық зертхана 2007 жылдан бастап зертханалық зерттеулердің сапасына халықаралық бақылау жүргізеді
EQAS    ВС  – 50 , Bio-Rad  Калифорния штаты, «Клиникалық химия»  бағдарламасы 24 аналита – 15 сертификат  2007ж  – 2022 ж аралығында.
-  EQAS  ВС –  90 ,   Bio-Rad  Калифорния штаты « Гематологиялық бақылау»  10 параметр.  21 сертификат    2001ж – 2022ж. аралығында.
- МЛСИ  (зертханааралық салыстыру)  Ресей –  ИФА және ПТР әдісімен "В" және "С" гепатиттеріне жыл сайынғы сапаны бағалау, қалқанша безді цитологиялық зерттеу, коагулологиялық зерттеулер.

2019 жылдың 4 қыркүйегінен бастап Ақмола облысында «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК жанынан жаңа бактериологиялық зертхана жұмыс істеуін бастады. Бактериологиялық талдаулардың тізбесі ішек және ауа - тамшы инфекцияларына зерттеулерді қоса алғанда, 35 атауды құрайды. 2021 жылы балалар мен ересектерден қанның стерильділігіне бактериологиялық талдағыш сатып алынды.

Сонымен қатар, санитарлық бактериология бойынша талдаулар жүргізіледі: ішек таяқшасына, стафилококкқа, шартты-патогендік флораға шайындыларды зерттеу, тамақ өнімдерін зерттеу, патогендік флораға, зеңге, стафилококкқа, ауаның микробтық себілуіне балалар сүт қоспаларын зерттеу.  

Сондай-ақ, зертхана санитарлық ережелерге сәйкес ауыз суға зерттеулер жүргізеді, автоклавтардың тиімділігін бақылайды, қан мен зәрдің стерильділігіне бактериологиялық талдаулар жүргізеді.

Бактериологиялық зертхана стационарда және емханаларда, жеке ЕПМ-де дезинфекциялық режимнің сапасына ішкі бақылау жүргізеді.

Зертхана облыстың барлық аудандарымен және Көкшетау қаласымен, сондай-ақ жеке клиникалармен бірлесіп орындау шарттары бойынша қызмет көрсетеді.
Бағалар стационарлар мен емханалар үшін жасалған шарт бойынша республикалық тарифаторға сәйкес ақылы қызметтер бойынша бағалар Ақмола облысындағы зертханалық нарықтағы бағадан едәуір төмен.

vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).