Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК
ХАТТАМА
Көкшетау қ. 12.02.2025ж.
Өткізу орны: конференц-зал
Қатысқандар: аурухана ұжымы – 50 адам.
Күн тәртібі: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы іс қимылға қатысты профилактикалық әңгіме. Қысқы кезеңді дайындау және қауіпсіз өткізу туралы.
Комплаенс-офицер Е.Т. Жолдасовтың сөзі:
Көпбейінді облыстық аурухана қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы іс қимылға қатысты профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Бұдан басқа, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға жедел ден қою, азаматтық қорғау медициналық қызметінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының адамдардың қаза болуына жол бермеу және 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардан болатын залалды азайту жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында "Қысқы кезеңді дайындау және қауіпсіз өткізу туралы" ақпарат ұсынылды.
Ақмола облысының тұрғындарында және "Көпбейінді облыстық аурухана" ШЖҚ МКК қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты сұрақтар туындаған жағдайда комплаенс-офицерге жүгінуге болады, байланыс телефоны: 8-708-197-11-98, "Қаржы – экономикалық қызмет" ғимараты, №12 кабинет.
Комплаенс – офицер Е. Жолдасов