Оториноларингология және бет-жақ хирургиясы бөлімшесі
Оториноларингология және бет-жақ хирургиясы бөлімшесі Көкшетау қаласындағы Ақмола Көпбейінді облыстық ауруханасының (АКОА) хирургиялық қызметінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Бөлімше үш қабатты әкімшілік корпустың үшінші қабатында орналасқан, 37 төсекке арналған, оның ішінде 21 төсек ЛОР бейінді және 16 төсек жақ-бет хирургиясына арналған.
Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникаларында оқудан өткен біздің бөлімшенің мамандары еліміздің халқы үшін ЛОР мен БЖХ өзекті проблемаларын диагностикалауда, жедел және консервативті емдеу қызметтерін көрсетеді.
Операциялық зал заманауи техникамен жабдықталған және «Carl Storz» фирмасының эндоскопиялық бейне жүйесі мен навигациялық жүйесін, «Carl Storz» фирмасының операциялық микродибридерін (шейверін) қамтиды.
Мұның бәрі ЛОР мүшелеріне және жақ-бет аймағына минималды инвазивті, тиімділігі жоғары және ең бастысы пациенттер үшін қауіпсіз бірегей операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Операциялар республикалық квота есебінен және ақылы негізде жасалады.
Бөлімше меңгерушісі:
Митчинов Владимир Васильевич - Жоғары санатты дәрігер, бет-жақ хирургі. Омбы медицина институтының түлегі, 1986 жылы тәмамдады. Қазақстанның жетекші клиникаларында жақ-бет хирургиясы бойынша тағылымдамадан өткен.
Еңбек өтілі: 33 жыл
Бакетов Рахат Толегенович – бөлімшенің аға ординаторы, екінші санатты оториноларинголог-дәрігер. Нұрсұлтан Медицина университетінің түлегі. Қазақстанның жетекші клиникаларында эндоскопиялық риносинусохирургия бойынша тағылымдамадан өткен.
Еңбек өтілі: 7 жыл
Таукелов Жаксылык Мухаметжанович – бірінші санатты оториноларинголог-дәрігер. Нұрсұлтан Медицина университетінің түлегі.
Еңбек өтілі: 6 жыл
Бет-жақ хирургия бөлімшесінің жетекші мамандары
Акимов Хамит Едигеевич – Бет-жақ хирургі, екінші санатты дәрігер. Батыс Қазақстан медицина академиясының түлегі. Бет-жақ хирургия саласы бойынша Қазақстанның жетекші клиникаларында тәжірибеден өтті.
Еңбек өтілі: 10 жыл
Борисенко Сергей Васильевич – Бет-жақ хирургі, бірінші санатты дәрігер. Нұр-Сұлтан медицина университетінің түлегі. Бет-жақ хирургия саласы бойынша Қазақстанның жетекші клиникаларында тәжірибеден өтті.
Еңбек өтілі: 9 жыл
ЛОР бейінінің негізгі клиникалық бағыттары:
Мұрын және мұрын қуысына операциялар жасау:
FESS - Эндоскопиялық гайморотомия, этмоидотомия, фронтотомия, сфеноидотомия.
Мұрынның қосалқы қуыстарына радикалды операциялар жасау.
Полиптерді, аденоидтарды, мұрындағы және мұрынның қосалқы қуыстарындағы бөгде денелерді эндоскопиялық алып тастау
Мұрынның сүйек қалқасының деформациясы мен қисықтығы кезіндегі эндоскопиялық операциялар жасау.
Сыртқы мұрын мен мұрын қалқанына косметикалық және реконструктивті операциялар жасау.
Турбинопластика - көлемі ұлғайған немесе полипоз-өзгертілген төменгі мұрын қалқанының пішінін түзету мақсатында операциялық араласу. Ол радиожиілікті пышақты қолдану арқылы жүзеге асырылады, бұл қабықтың шырышты қабығына әсерін азайтады.
Бөлімшенің дәрігерлері АКОА көз микрохирургиясы дәрігерлерімен бірлесіп, көз жасы жолдарының созылмалы аурулары кезінде эндоскопиялық эндоназальді дакриоцисториностомияға (дакриоцистит) операция жасауды жетілдіріп келеді.
Өңеш, көмей мен кеңірдекке операция жасау:
Өскіндерді эноскопиялық эндоларингиальды (көмей ішілік) алып тастау
Таңдай бадамшасын, жылауықты алып тастау.
Көмейді (толық немесе ішінара) алып тастау
Хордэктомия (дауыс бай ламдарын алып тастау)
Ларинго- және трахеофистул тігу.
Лор мүшелерінің қатерсіз ісіктері кезінде операциялар жасау.
Сондай-ақ бөлімшеде лор ағзаларының түрлі аурулары кезінде кең ауқымды шұғыл операциялар жүргізіледі
Дамудың перспективалық жоспарлары - бұл есту қабілетін жақсарту операцияларын енгізу, мұрын қуысы мен жұтқыншақтың (назофаринстің жас ангиофибромасы және т. б.) қатерлі ісіктерін эндоскопиялық алып тастау
БЖХ бейінінің негізгі клиникалық бағыттары
Негізгі бағыттар
Бет-жақ хирургиясы бөлімшесінде жақ-бет аймағының көптеген патологияларын жоюға бағытталған операциялар жасалады. Бүгінде біздің дәрігерлер мынадай бағыттар бойынша табысты жұмыстар жүргізуде:
Бет-жақ аймағының қатерсіз ісіктерін алып тастау
Бет-жақ аймағының жарақаттарын емдеу
Бет-жақ аймағының іріңді-қабыну ауруларын емдеу
Сілекей бездерінің ауруларын емдеу
Шықшыт буынының ауруларын емдеу
Бет-жақ аймағының ісіктерін алып тастау
ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ӘДІСТЕР
Мойынның ортаңғы және бүйір жылауығын алып тастау
Сүйек тінінің ісіктерін (остеомалар, амелобластомалар) алып тастау
Мойын, бет және бас терісіндегі ісіктерді алып тастау
Ауыз қуысының ісіктерін алып тастау
Сілекей бездерінің ауруларын емдеу
ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛЕР
Сілекей бездерінің жолдарын жуу және сүмбілеу
Сілекей бездерінің түтіктерінен тастарды алып тастау
Шығару түтігінің тұтастығы мен өткізгіштігін қалпына келтірумен пластикалық операциялар
Біздің мекенжайымыз: Көкшетау қаласы, Сабатаев көшесі, 1.
Оториноларингология және БЖХ бөлімшесі, 3-қабат.
Байланыс телефоны: 8 (7162) 26 95 91