Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

bol

Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі реформалауды көздейтін «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2018 жылдың маусым айында Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен қаланың 4 медициналық мекемесі (Ақмола облыстық ауруханасы, Облыстық перинаталдық орталық, Облыстық онкология диспансері, Облыстық тері-венерология диспансері) біріктірілді.

Төрт облыстық медициналық ұйымның бірігуі нәтижесінде Ақмола облысының облыс орталығында денсаулық сақтау ұйымының жаңа моделі пайда болды.

            Көкшетау қаласының Көпбейінді облыстық ауруханасы Көкшетау қаласының, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аудандарының тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, Ш.Уалиханов атындағы университеттің жоғары медициналық колледжі мен медицина факультетінің клиникалық базасы болып табылады.

            Ауруханада  775 төсек-орынды тәулік бойғы стационар мен 123 төсек-орынды  күндізгі стационар жұмыс істейді. 

            Көпбейінді облыстық аурухананың кадр мамандары 1516, олардың ішінде  253-і дәрігер. Дәрігерлердің санаттылығы 79%-ды құрайды. ЖММК-ті дамыту үшін бізде техникалық жабдықтау мен кадрлық потенциалдың деңгейі жоғары.  Біздің ауруханада ЖММК енгізу бұрын ҒЗИ, ҰО-да жүргізілетін операцияларға өңір тұрғындарының қол жетімділігін қамтамасыз етті. Ауруханада ЖММК мен ЖТМҚ кардиохирургия, травматология, ортопедия, нейрохирургия, кардиоинтервенция, урология, хирургия,  ангиохирургия,  онкология бағыттарында көрсетіледі.

      Көпбейінді облыстық аурухананың шұғыл көмек көрсету бөлімшесінің қызметі ТРИАЖ – жүйесі бойынша жұмыс істейді: Бұл жүйе ауруханаға түскен науқастарды шұғыл, жоспарлы және өз қалауымен келу санаттарына сұрыпталады. Осыған сәйкес олармен әртүрлі мамандар айналысатын болады, қабылдау бөлімшесіндегі дәрігердің міндеті – аталған санаттарды анықтау.

      Мұндай жүйе әлемнің көптеген елдерінде тиімді жұмыс істейді, яғни алғашқы қабылдау кезінде көмек көрсету бірнеше аймақтарға бөлінеді.

Қызыл аймақ – өміріне тікелей қауіп төнетін немесе нашарлау қаупі жоғары және шұғыл медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі, сары аймақ  – өміріне әлеуетті қауіп төнетін немесе жағдайдың дамуымен өршуі мүмкін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі, жасыл аймақ – өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп жоқ және емдеуге жатқызуды талап етпейтін пациенттің жай-күйі.

Біздің аурухананың инсульт орталығы ми қан айналымының жіті бұзылуы бар пациенттерге көмек көрсету бойынша Жол картасы бағдарламасы шеңберінде аймақтандырудың үшінші деңгейі болып табылады. Бұл бөлімшеде Көкшетау қаласының, сондай-ақ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының іргелес аудандарының тұрғындарына инсультпен ауыратын науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.  Ми қан айналымының жіті бұзылуының диагнозын верификациялау үшін жабдықталған 64 кесінді компьютерлік томограф қызмет көрсетеді. Бұл орталық 20 орынға есептелген. Аталған орталықта тәжірибелі неврологтар, нейрохирургтар мен реабилитологтар еңбек етеді – содан кейін емделушілер мультидисциплинарлық қағидат бойынша ем алатын қалпына келтіру емінің жалғаспалы курсы үшін нейрореабилитация бөлімшесіне ауыстырылады.


            Аурухананың барлық кардиология қызметі «Жүрек орталығы» кешеніне шоғырландырылған. Орталықта кардиохирургия, кардиология бөлімшелері және оңалту бөлімшесі, қабылдау бөлімшесі, рентген-эндоваскулярлық хирургия кабинеті, операциялық блок, реанимациялық палатамен анестезиологиялық қызмет ұйымдастырылған. Жүрек орталығында әртүрлі генездегі қан тамырларының патологиясы бар (ЖИА емдеу, атеросклероз, артериялық гипертензия, жүре пайда болған және туа біткен жүрек ақаулары)  науқастарды консервативті және оперативті емдеу,  кардиохирургиялық оталар (Аортокоронарлық шунттау,  Аралас оталар (АКШ + МК пластикасы + СҚ пластикасы), Клапандарды протездеу (митральды, қолқа),   ТЖА (ҚАҚА, ЖҚАА пластикасы) түзету оталары  жүргізіледі.


    Перинаталдық орталық әйелдерге жүктілік кезінде, босану кезінде, босанудан кейінгі кезеңде, гинекологиялық науқастарға, жаңа туған нәрестелерге және шала туған балаларға білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған, сонымен қатар медициналық колледждің клиникалық базасы болып табылады. Қазіргі таңда перинаталдық орталық - бұл заманауи медициналық технологиялар қолданылатын мекеме.

     Акушерлік – бұл физиологиялық ағысқа барынша жақындаумен жанұяның қатысуына, бастапқы аз аппликацияланған амниотомиялардан бас тартуға,  позициялық терапияны қолданумен аймақтық ауырсынуды басу әдістерін енгізуге бағытталған босану.  

    Неонатологияда шала туған балаларды күтудің қазіргі заманғы технологияларын пайдалану, оның ішінде сурфактант препаратын қолдана отырып, дене салмағы төмен және экстремалды төмен балаларды күту, емшекпен емізудің дәйекті саясаты қарастырылады.
    Гинекологияда заманауи қол жетімді оталарды, лапароскопиялық оталарды жүргізеді.

    Орталық ана мен ұрықтың жағдайын мониторлы бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи медициналық жабдықтармен, наркоз-тыныс алу, лапароскопиялық, реанимациялық, ультрадыбыстық, рентгенологиялық аппаратурамен жабдықталған.
    Біздің зертхана «Клиникалық химия», «Гематологиялық бақылау», «Иммунохимия» бағдарламалары бойынша EQASБиоРат сапасына Халықаралық бақылау жүргізуге қатысады. Зертхана күрделі биохимиялық талдаулар, гормондар, онкомаркерлер, дәрілік мониторинг бойынша қаланың және облыстың барлық емдеу мекемелерінің қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта бактериологиялық зертхана ашу жоспарланып отыр.

    Ақмола облысының онкологиялық қызметі 1956 жылдың 21 мамырынан бастап қызмет көрсете бастады. Бүгінгі таңда Көпбейінді облыстық аурухананың онкология орталығында 175 төсек-орынды тәулік бойы жұмыс істейтін стационар және 30 төсек-орынды күндізгі стационар жұмыс істейді.

    Соңғы жылдары онкологиялық қызметтің материалдық – техникалық базасы біршама нығайтылды. Онкология орталығы заманауи диагностикалық жабдықтармен жарақталған, яғни гастроскоппен және колоноскоппен видеоэндоскопиялық тіреулер, 64 кесінді компьютерлік томограф, телепатология және ИГХ (иммундық–гистохимиялық зерттеу) үшін жабдықтар, сараптамалық класты УДЗ бар. Химиотерапия бөлімінде цитостатиктерді өсіру кабинеті жұмыс істейді.    Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін эндовидеохирургиялық кешені сатып алынды.

            Онкология  қызметінің қалыптасу жылдарында кеуде қуысы, құрсақ қуысы, сүйек-пластикалық, урологиялық оталар, мойын басының онкопатологиясы кезіндегі оталар, гинекологиялық оталар игерілді, полихимиотерапия сызбасының барлық түрлері енгізілді.

Жыл сайын диспансерде 1000-ға жуық ота жасалады. Онкология  орталығының құрамында ауысымына 115 келушіге арналған емхана бар. 2018 жылдың екінші тоқсанынан бастап ауысымда 150 адам қабылдайтын жаңа емхана ғимаратының құрылысы жүргізілуде.   Бұл бөлімшеге  1 миллиард 800 мың теңгеге жабдықтар сатып алу жоспарланған.

            Дерматовенерологиялық орталықта тәулік бойы 65 төсек-орын және 20 күндізгі стационар, тері-зең бөлімшесінде - 35 төсек-орын және дерматовенерология бөлімшесінде - 30 төсек-орын, сондай-ақ ауысымда 150 келушіге арналған амбулаториялық-емханалық бөлімше және зертхана, қабылдау бөлмесі және физиокабинет жұмыс істейді. Аталған қызмет орталығы науқастарға кеңес беру, диспансерлеу жүргізеді, пациенттерді мамандандырылған емдеумен айналысады.

            Көпбейінді облыстық аурухананың әкімшілігі мамандардың кәсіби дамуына ерекше көңіл бөледі және еңбек жағдайына бейімделуге, олардың өз мамандығын жетік меңгеруіне, белсенділік пен бастамашылық танытуды дамытуға ықпал етеді. Ұжымдық шартта мамандарды Қазақстан Республикасында және шетелде оқыту ұйымдастырылған.  Жұмысқа орналасу кезінде жас мамандар үшін толық әлеуметтік пакет қарастырылған. Анестезиолог, акушер-гинеколог, кардиолог, онколог, дермато-венеролог дәрігерлердің жетіспеушілігі бар.

11.11.22 1

2022 жылдың III тоқсанына сауалнама пациенттердің қанағаттану деңгейін зерттеу

2022 жылдың II тоқсанына сауалнама пациенттердің қанағаттану деңгейін зерттеу

11.11.22

11.11.22

КОА жарғысы

Гигиеналық оқыту бойынша қызмет

КОА ЛИЦЕНЗИЯСЫ

Иондаушы заттарға лицензия

Радиоактивті заттарға лицензия

Есірткіге  лицензия

КОА мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

Фарм.лицензия

vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).