Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

Көпбейінді облыстық ауруханада өңірде травматологиялық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды. Отырыста қол хирургиясының заманауи тәсілдері, эндопротезден кейін науқастарды бақылау мен емдеу бойынша ұсыныстар, балалардағы сыну жағдайларын емдеу және күйік жараларын емдеуде стволды жасушаларды пайдалану мәселелері талқыланды.

«Мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасуға және мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде өңірдегі медициналық көмектің сапасына тікелей әсер етеді», – деп атап өтті Ақмола облысының бас травматологы, Бекмұхамбетов Мұратбек Мұсылманбекұлы.

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бірқатар денсаулық сақтау нысандарына барып олардың даму перспективаларымен танысты. Өңір басшысы онкологиялық диспансердің стационарында жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жаровтың айтуынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде онкологиялық диспансер штаттық режимде жұмыс істейді, емдеуге қажетті барлық техника жұмысқа тартылған. Бүгінгі таңда екінші, үшінші және төртінші қабаттарда бөлшектеу жұмыстары жүргізілді, есік блоктары, сантехника және қабырғаларды қаптау ауыстырылды. "Өкінішке орай, жыл сайын онкологиялық науқастардың саны артып келеді. Алайда, заманауи әдістер мен сапалы жабдықталған кабинеттер қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді, жақсартылған жағдайда пациенттерімізге аурумен күресуге көмектесетін мүмкіндіктер көп болады", – деді Н. Жаров. Толық ақпарат  ➡️  gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/658219?lang=kk

Өткізу мақсаты — операциялық араласуларды жүргізу техникасын жетілдіру, мамандардың кәсіби деңгейін арттыру және диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізу.

Іс-шара тәжірибе алмасуға, клиникалық тәжірибенің өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ медициналық персоналдың практикалық дағдыларын жетілдіру арқылы көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.

Науқаста сол жақ бүйректің үлкен ісігіне байланысты лапароскопиялық кеңейтілген нефрэктомия, сондай-ақ қуықасты безінің аденомасы мен обыры бойынша операция жасалды. Екі науқас та өз жағдайының жақсарғанын атап өтті.

 Пансионат облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығы базасында жүзеге асырылады.
Жобаның мақсаты – жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және перинаталдық көрсеткіштерді жақсарту. Пансионатта тәуекелі жоғары жүкті әйелдерді облыстың шалғай ауылдарынан ертерек ауруханаға жатқызу үшін 10 төсек орын қарастырылған. Қажеттілікке қарай бұл орын саны 20-ға дейін көбейтілуі мүмкін.
Болашақ аналар босанғанға дейін бұл жерде медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауында тегін болады. Акушер мамандар жүкті әйелдер мен ұрықтың жағдайын тәулік бойы қадағалап отырады. Босану белгілері пайда болған жағдайда немесе қандай да бір шағымдар анықталғанда, дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
Жобаның негізгі мақсаты – жүкті әйелдерге білікті медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, мүмкін болатын асқынуларды ерте анықтап, дұрыс әрі дер кезінде емдеу тактикасын белгілеу. Мұндай тәсіл перинаталдық нәтижелерді жақсартып, күрделі жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
«Дені сау ана» пансионаты – Ақмола облысында ана мен бала денсаулығын қорғаудың қауіпсіз, тиімді және пациентке бағдарланған жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Көпбейінді облыстық аурухананың Перинаталдық орталығында медицина ғылымдарының докторы, акушер-гинеколог, жоғары санатты Сейсембеков Дәір Тельманұлы қатысқан екі күндік мастер-класс өткізілді. Ақмола облысынан алты науқасқа ота жасалды: екі гениталий пролапсы бойынша операция, үш лапароскопиялық операция, олардың екеуі экстирпация, біреуі миомэктомия, біреуі промонтофиксация.

Лапароскопиялық операциялардың артықшылықтары:

- Операцияның аз травматикалық болуы;
- Операциядан кейінгі қалпына келу кезеңінің қысқа болуы;
- Асқынулардың минималды тәуекелі;
- Сызаттар мен шрамдардың болмауы.

Мастер-класстарды дәрігерлердің кәсіби қызмет барысында өткізу мотивацияны арттыруға, дәрігерлердің жаңа білімге деген қызығушылығын қолдауға және жасалатын операциялардың спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Өтемсіз жоғалту:
2024 жылғы 5 қарашада Ақмола облысының құрметті денсаулық сақтау ардагері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы – Жанадилов Болат Сүлейменұлы өмірден өтті.

Болат Сүлейменұлы 84 жасында ұзаққа созылған аурудан кейін өмірден озды.

Жанадилов Болат Сүлейменұлы 1940 жылғы 14 маусымда қазіргі Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Қарағанды медициналық институтының емдеу факультетін бітіргеннен кейін еңбек жолын анестезиолог дәрігер болып бастаған, 1968 жылы Көкшетау облыстық ауруханасының анестезиология бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне тағайындалған. Кәсіби әлеуеті жоғары маман ретінде 1970 жылы Көкшетау облыстық ауруханасының бас дәрігерінің емдік жұмыстар жөніндегі орынбасары болып тағайындалған, ал 1973 жылдан 1992 жылға дейін Көкшетау облыстық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған.

Осы кезеңде аурухананың материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайып, 1975 жылы терапиялық корпус пен асхана іске қосылды, 1985 жылы хирургиялық корпус, патологоанатомиялық бөлімшенің қосымшалары және гараж салынды. Жаңа медициналық жабдықтар алынған, диагностикалық және емдік жаңа технологиялар енгізілген. Дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінген.

Ақмола облысының денсаулық сақтау саласының құрметті ардагері Болат Сүлейменұлы өзінің жарқын, қайырымды істерге толы өмірінің 50 жылдан астам уақытын адамдар үшін ең бейбіт әрі маңызды кәсіби салаға арнады. Оның жылы жүрегі мен қамқор қолдарын көптеген пациенттер сезді. Ол тек Ақмола өңірінің ғана емес, бүкіл елдің денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан.

«Көпбейінді облыстық аурухана» КМК ұжымы аталған ауыр жоғалтуға байланысты қайғырып, Болат Сүлейменұлының әріптестері мен туыстарына шынайы көңіл айтады.

16 қазан күні Көкшетауда облыстың бас онкологы, жоғары санатты дәрігер, бірнеше рет облыстық және қалалық Халық депутаттары кеңесінің депутаты болған, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Өмірбек Кәкімұлы Байкеновтің 90 жылдығына арналған «Ауыл тұрғындарына онкологиялық көмекті дамыту мәселелері және перспективалары» атты ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады. Өмірбек Байкенов 1961 жылдан 2002 жылға дейін Ақмола онкологиялық диспансерін басқарып, денсаулық сақтау саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан тұлға.

Конференцияның алғашқы күні ерекше оқиғамен есте қалды – Өмірбек Кәкімұлының құрметіне өзі негізін қалаған онкологиялық диспансер ғимаратында мемориалды тақтаның ашылу салтанаты өтті. Бұл іс-шараға қатысушылар даңқты дәрігердің еңбегін ұлықтап, оның адам өмірін арашалауға арнаған қызметін айрықша еске алды. Жиналғандар Байкеновтің медицинаға сіңірген еңбегін, өңірге қосқан үлесін және кәсіби өміріндегі жарқын сәттерді еске түсіріп, оның жоғары адамгершілік қасиеттері мен қызметіне деген құрметтерін де білдірді.

Бұл конференция – Өмірбек Байкеновтің өмірі мен мұрасын еске алу ғана емес, сонымен қатар өңірдегі онкологиялық көмекті одан әрі дамыту мен жетілдіру жолында маңызды қадам болды.

Бүгін Ақмола облысының бас онкологы,жоғары санатты медицина қызметкері және Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Өмірбек Кәкімұлы Байкеновтің 90 жылдығына арналған «Ауыл тұрғындарына онкологиялық көмекті дамыту мәселелері және перспективалары» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Өмірбек Байкенов 1961-2002 жылдар аралығында диспансерді басқарып, өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына зор үлес қосқан.

Конференция барысында «Астана» медицина университетінің онкология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Абай Макишев ақмолалық дәрігерлермен тәжірибе алмасып, бірқатар күрделі ота жасады. Оның шеберлігін Көкшетау қаласының тұрғыны Қайыржан Тәжібаев та ерекше атап өтті. Ол мамыр айында өткен «Жедел абдоминальді хирургияның мәселелері» атты ғылыми конференция аясындағы шеберлік сағатында Абай Макишевтің жасаған отасы үшін алғысын білдіріп, өз өмірін сақтап қалған облыстық аурухананың дәрігерлеріне де ризашылығын жеткізді.

Бұл конференция – онкологиялық көмектің сапасын арттыру жолында маңызды қадам, тәжірибе алмасу және жаңа әдістерді меңгеру алаңы болады деп сенеміз.

2024 жылдың 16 қазаны күні Көкшетауда «Ауыл тұрғындарына онкологиялық көмек көрсетудің өзекті мәселелері мен даму перспективалары» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның бірінші күні өтті. Іс-шара Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері, 1961–2002 жылдар аралығында Ақмола онкологиялық диспансерін басқарған Байкенов Умурбек Какимұлының 90 жылдық мерейтойына арналды. Шараның ұйымдастырушысы – Көпсалалы облыстық аурухананың Онкоорталығы.

Конференция аясында жоғары санатты уролог-дәрігер Хусан Умурзаков аурухана қабырғасында жоғары технологиялық операция жасап, онкоорталықтың әріптестерімен тәжірибесімен бөлісті. Өзі сөйлеген сөзінде ол ақмолалық дәрігерлердің жоғары біліктілігін атап өтіп, өңір мамандары кез келген күрделі операцияларды орындай алатынын және сол арқылы көптеген пациенттердің өмірін сақтап қалатынын ерекше атап өтті.

1 бет. Барлығы: 7

vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).