Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

Пациентті эндоскопиялық зерттеулерге дайындау бойынша медбике персоналына арналған ұсынымдар

Пациентті ФГДС дайындау алгоритмі

Кіріспе
Пациенттің психологиялық жай-күйі қауіпсіз эжәне тиімді эндоскопияны жүргізу үшін сапалы дайындықпен қатар негізгі шарт болып табылады. Зерттеу барысында қол жеткізілген оң психологиялық нәтиженің арқасында зерттеу алдында және эндоскопиялық зерттеу кезінде алаңдаушылық сезімі теңестіріледі. Осы тексеру түрлеріне дейін медициналық қызметкердің пациентпен қарым-қатынасы өте маңызды. Ең алдымен, эмоционалды тұрғыдан пациенттер білу керек: қандай дәрігер оны зерттейді, оның тәжірибесі, біліктілігі және зерттеу қалай өтеді.
Эндоскопиялық зерттеу жүргізудің қазіргі заманғы технологиясы медицина қызметкерінен тексерілетін пациенттің жалпы жай-күйіне барынша шоғырлануды, назар аударуды, бақылауды талап ететінін және оған уақтылы психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндігі бар екенін атап өту қажет. Эндоскопиялық зерттеу жүргізудің қазіргі заманғы технологиясы медицина қызметкерінен тексерілетін пациенттің жалпы жай-күйіне барынша шоғырлануды, назар аударуды, бақылауды талап ететінін және оған уақтылы психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндігі бар екенін атап өту қажет.
Медициналық қызметкер эндоскопиялық зерттеуге дайындық кезеңінде психологиялық байланыс арқылы пациенттің алаңдаушылық сезімін барынша төмендетуге мүмкіндік алады. Бөлімшенің медициналық қызметкері пациентке зерттеу жүргізудің мәнін және тәртіптің тиісті ережелерін түсіндіреді.

Пациентті ФГДС дайындау алгоритмі

Ұсыныстар жүргізу ерекшеліктеріне қарай беріледі – биопсия қажет пе, жоқ па, наркоздың қай түрі қолданылады.
Сонымен қатар, зерттеуге дайындық қашан жүргізілетініне, пациентте жаман әдеттердің болуына байланысты болады. Дәрігердің манипуляциясы теріс реакцияларға әкелуі мүмкін, сол туралы пациентке алдын ала ескерту қажет.
Жағымсыз симпптомдар мен асқынулардың қаупін азайту үшін дәрігермен электрокардиограмманы өту туралы ұсыныс беріледі (Чтобы снизить риск возникновения неприятных симптомов и осложнений, рекомендуется врачом проведение электрокардиограммы (Жүрек қан тамырлары патологиясы бар пациенттерге).

 


2 сурет. Проведение ФГДС

Күннің бірінші жартысында ФГДС
ФГДС (зерттеуге дайындық оны жүргізу уақытына байланысты) көбінесе таңертеңге тағайындалады.
Науқасқа таңғы ас және сусындарды ішуге болмайды.
Зерттеудің алдында кешкі ас ішуге болады.

  • Сүзбе көмеші;
  • Бұқтырылған немесе буға пісірілген көкністер;
  • Үккіштен өткізілген күріш, қарақұмық ботқасы;
  • Тауық суфлесі. 

Тамақты тек 22.00 дейін ішуге болады. Содан кейін тек қана шөп тұнбасын, суды, сұйылтылған шырындарды ішуге болады. Дәрі-дәрмектер тек қана кешке қабылданады, таңертең оларды қабылдаудан бас тарту керек. Кейбір жағдайларды дәрі-дәрмектің инъекциясы рұқсат етіледі.

 

3 сурет. ФГДС кезінде рұқсат етілген өнімдер

Күннің екінші жартысында ФГДС.
Егер диагностика күннің екінші жартысында болса, онда таңы ас ішуге болады.  Бұл жағдайда таңғы ас пен процедураның арасында кем дегенде 8 сағат өту керек.
Таңғы ас қашан ішуге болады

Зерттеу қашанға тағайындалды

Соңғы таңертеңгі тамақтану уақыты

Түстен кейін

6 сағат

Жұмыс күнінің соңына жақын

8-9 сағат

Кешкі уақытында

10-11 сағат

ФГДС психологиялық тұрғыдан қалай дайындалу керек?
Зерттеуге әсер етуі мүмкін маңызды фактор – пациенттің психологиялық көңіл-күйі. Қорқыныштан көптеген адамдар процедурадан бас тартады, сондықтан медбикенің жұмысы – ФГДС қажеттілігін, адам денсаулығының жай-күйін объективті бағалау және нәтижелері қалай көмектесетінін түсіндіру. Медбике адамның уәждемесін алу үшін зерттеудің қалай жүргізгені туралы жан-жақты түсіндіріп айтады. Жоғары сезімталдығы бар пациенттерге жалпы анестезия ұсынылады.
Зерттеу алдында не жеуге болады?  
Мәзірдің мысалы.
Тиісті нәтижелерді алу және жағымсыз салдардың дамуын болдырмау үшін зерттеуге 3 күн бұрын кейбір өнімдерден бас тарту керек.
Дайындық кезеңінде тыйым салынған тағам:

Азық-түлік

Зиян

Саңырауқұлақ, майлы сортардың еті мен балығы, жаңғақтар 

Баяу қорытылады

Сүт өнімдері: бұршақ және басқа да бұршақ дақылдары, жаңа піскен көкністер мен жемістер, қара нан. 

Түзулікті тудырады

шұжықтар; дәмдеуіштер; спиртті ішімдіктер 

Шырышты тітіркендіреді

Процедура дайындық кезінде:

  • Көкністер (пісірілген немесе бұқтырылған);
  • ботқалар;                                                                    
  • жеңіл сорпа (тауықпен немес көкніспен);
  • ет және балықтың майсыз сорттары (бұқтырылған немес буға пісірілген)

Сусындар: шөп тұнбалары, кисель, жемістерден жасалған компот

4 сурет. ФГДС рұқсат етілген сусындар

Алкоголь, газировка, ашық түсті шырындар, қою кофе мен шайға тыйым салыналды. Диагностикадан 3 сағат бұрын су немесе басқа сусындар ішуге болмайды.
Шылым шегуге болады ма?
Темек түтіні ас қорыту жүйесін тітіркендіреді. Процедура алдында темекі шегуге тыйым салынады, өйткені бұл зерттеуді қиындатуы мүмкін және деректер дұрыс көрінбейді.
Процедураға не алу керек?
Зерттеу алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. Амбулаториялық карта және дәрігердің жолдамасы болуы керек. Егер мұндай процедурадан бұрын өтсеңіз, нәтижелерді салыстыру және емдеудің тиімділігін бағалау үшін алдыңғы қорытынды қажет болады.
Егер адам үнемі дәрі-дәрмектерді қабылдаса, оларды да бірге алу керек. Қысымды төмендету үшін дәрі-дәрмектер, жайбарақаттандыратын заттар қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ, ауыстырылатын аяқ киім немесе бахилалар, бір реттік жайма немесе орамал қажет. 

 

vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).