Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

Емхана бір ауысымда 150 келушілерге медициналық көмек көрсетуге арналған.

Тері аурулары, тері асты-май талшықтары және жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулары бар науқастарға мамандандырылған консультациялық диагностикалық медициналық көмек көрсетеді.

Халыққа емдік көмек көрсету үшін 2 құпия қызмет көрсету кабинеті жұмыс істейді, бұл ЖЖБИ-ды емдеуге жеткілікті қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Емханада микологиялық кабинет бар, онда микологиялық науқастарды қабылдау, емдеу және диспансерлеу жүргізіледі.

Дерматовенерологиялық қызмет емханасы қызметкерлерінің тізімі.

Т.А.Ә

Лауазымы

Еңбек өтілі

Қызметтер

1

Соколова Наталья Евгеньевна

Басшы

25 жыл

Дерматовенерология қызметінің басшысы

2

Муслимова Надия Маратовна

Дәрігер дерматовенеролог

12 жыл

Емханада пациенттерді қабылдау және медициналық қызмет көрсету

3

Бегенов Серик Сагынтаевич

Дәрігер дерматовенеролог

24 жыл

Емханада пациенттерді қабылдау және медициналық қызмет көрсету

4

Филатова Людмила Андреевна

Дәрігер дерматовенеролог

43 жыл

Емханада пациенттерді қабылдау және медициналық қызмет көрсету

5

Куликова Светлана Николаевна

Дәрігер дерматовенеролог

20 жыл

Емханада пациенттерді қабылдау және медициналық қызмет көрсету

6

Мусетова Анаргул Омиркановна

Дәрігер дерматовенеролог

24 жыл

Бөлімше тері аурулары, тері асты май жасушалары бар науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Бұл көмек амбулаторлық және стационарлық жағдайда жүргізіледі.

7

Омарова Раушан Нурумовна

Дәрігер дерматовенеролог

21 жыл

Бөлімше жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.  Бұл көмек амбулаторлық және стационарлық жағдайда жүргізіледі.

Емхананың жолдамасымен ҚР азаматтарына ақысыз, ал шетел азаматтарына ақылы негізде   кез келген жастағы адамдарға медициналық көмек көрсетіледі.

Емхана бөлімшесінде көрсетілетін ақылы медициналық қызметтер:

  1. Дерматовенеролог дәрігердің алғашқы қабылдауы (қарау, кеңес беру).
  2. Дерматовенеролог дәрігердің қайтадан қабылдауы (қарау, кеңес беру).
  3. Дерматовенеролог дәрігердің диспансерлік қабылдауы (қарау, кеңес беру).
  4. Дерматовенеролог дәрігердің профилактикалық қабылдауы (қарау, кеңес беру).
  5. Теріден қырынды алу.
  6. Дерматовенерология бейіні бойынша медициналық емес мекемелерге денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ресімдеу және беру.
  7. Бассейнге бару үшін анықтаманы ресімдеу және беру.
  8. Мұрағаттан деректерді ала отырып, стационарлық емделуде болуы туралы анықтаманы ресімдеу.
  9. Мұрағаттан деректерді ала отырып, жазып берілетін эпикриздің телнұсқасын ресімдеу.
  10. Қазақстан Республикасында тұруға немесе жұмыс істеуге рұқсат алғаннан кейін дерматовенеролог дәрігердің  шетелдік азаматтарды медициналық куәландыруы.
  11.  Сұйық азотпен криодеструкция әдісімен терінің қатерсіз ісіктерін жою (вирусты сүйелдер, вирусты папиломалар, себореялық кератомалар, контагиозды моллюск).
  12. Бактериологиялық зерттеуге материал алу.
  13. Цервикальды жағынды алу.
  14. Қынап жағындысын алу.
  15. Уретральды бөліністі алу.
  16. Уретра инстилляциясы.
  17. ПТР үшін материал алу-жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға зерттеу.
  18. 3 жастан асқан балалардың ата-анасының балаларын стационарда тамақтандырумен немесе тамақтандырусыз күтуі.
  19. Тері және тері асты май жасушалары ауруларын, көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды емдеу.

vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).