Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

Тері обырын алдын алу және ерте диагностикалау.

 

Тері қатерлі ісіктері патологиялық аурулардың арасында жетекші орын алады. Барлық қатерлі ісіктердің ішінде тері обыры 3-5 орынды иеленеді, яғни 12-14%-ды құрайды. Онкологиялық аурулар құрылымында терінің қатерлі ісіктері ер адамдарда үшінші орында (өкпе және асқазан обырынан кейін), ал әйелдерде екінші орында (сүт безі обырынан кейін) тұр.

Тері обыры әдетте 60 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Дегенмен, соңғы жылдары бұл ауру тіпті 18 жастағы жастар арасында да белең алуда. Тері обыры көбінесе бастапқы көптүрлі обырдың екінші локализациясы ретінде анықталады. Соңғы 40 жылда тері обырымен ауыратындар саны 7 есеге артты. Аурушаңдықтың жыл сайынғы өсімі 5%-ды құрайды. Сонымен қатар, тері обыры ерлер мен әйелдерге бірдей әсер етеді. Бұл обырдың 90%-ы терінің ашық бөліктерінде, ал 70%-ы бетте дамиды.

Тері обырының даму қаупін арттыратын факторлар.

Тері обырының дамуының себептері толық зерттелмеген. Дегенмен, кейбір факторлар тері обырының даму қаупін арттыратыны белгілі.

  • Ашық күн астында ұзақ уақыт болу. Инсоляция тері обырының дамуына ең маңызды қауіп факторы болып табылады. Әдетте, тері обыры ашық жерлерде, күн сәулесінің ультракүлгін сәулелеріне әсер ететін дене бөліктерінде дамиды. Дәлел ретінде айта кетейік, оңтүстік аймақтарда тері обырына шалдығу солтүстік аймақтарға қарағанда айтарлықтай жоғары.
  • Солярийді пайдалану. Солярийде бір рет күю тері обырының даму қаупін 20%-ға арттырады.
  • Иондаушы сәулелену. Медициналық техникадан немесе радиоактивті заттардан шыққан кез келген радиоактивті сәулелену тері жасушаларына әсер етіп, олардың қасиеттерін өзгертеді. Сонымен қатар, радиация ағзада жасушаларды тотықтыратын және олардың генетикалық аппаратын зақымдайтын бос радикалдардың пайда болуына әкеледі, нәтижесінде ісіктің негізі болып табылатын атипиялық жасушалар пайда болады.
  • Теріге қатерлі ісікті тудыруы мүмкін химиялық заттардың әсері. Бұған құрамында темекі бұйымдары бар күшән, қара май, шайырлар, жанар-жағармай материалдары жатады.
  • Теріге жылу сәулеленуінің және термиялық факторлардың ұзақ мерзімді әсері.
  • Жаралар мен күйіктерден кейін қалған тыртықтардың қайта өзгеруі. Тыртықты тіндер жартылай өзгерген күйде болады. Онда теріге тән емес қосылыс талшықтары көп, қанмен қамтамасыз етілуі нашар, және жасушалардың көбеюі белсенді жүреді. Осылайша, жасушалардың мутациясына қолайлы жағдайлар жасалады.
  • Темекі шегу төменгі ерінде тері обырының дамуына ықпал етеді.

Тері обырының негізгі себебі – ультракүлгін сәулелену, сондықтан оның әсерін шектеу негізгі алдын алу шарасы болып табылады. Әрине, толықтай күн сәулесінен қорғану мүмкін емес, әсіресе жылы маусымда, адамдар серуендеп, күнге қыздырынып, суға шомылғысы келеді. Алайда, барлық нәрседе шекараны білу маңызды, күн ванналарын асыра пайдаланбау керек. Дәрігерлер қатаң түрде күннен қорғайтын құралдарды қолдануды ұсынады.

Бізде мұндай кремдерді теңізге барған кезде сатып алу әдетке айналған, бірақ бұл дұрыс емес. Ең дұрысы, күннен қорғайтын фильтрі бар құралдарды жыл бойы қолдану қажет. Әрине, суық жыл мезгілдерінде  тек бетке арналған кремдерді қолдануға болады, өйткені дененің басқа бөліктері киіммен жабылады. Ал жазда барлық ашық тері бөліктерін қорғау үшін лосьондар мен кремдер жағып, теріге қамқорлық жасау керек. Мұндай құралды таңдаған кезде, этикетканы мұқият оқыңыз. Қорғаныс факторы SPF немесе орысша СЗФ әдетте 15-50 аралығында болады. Күнге қатты күйдірмейтін, қаралау тері үшін қорғаныс факторы төмендеу, 15-25 аралығындағы құралды таңдауға болады. Ал ақшыл, сезімтал және балалардың терісі үшін жоғары КҚФ көрсеткіші бар құрал қажет. Қаптамада UVA/UVB деген жазу да болуы тиіс. Бұл құралдың альфа және бета сәулелерінен қорғайтынын білдіреді. Мұндай құралдағы маңызды белгінің бірі – суға төзімділігі. Бұл тек суға түсуге бара жатқанда ғана емес, қалада  жүргенде қозғалып, терлеген кезде де құралдың термен шайылып кетуінің алдын алады. Дегенмен, тіпті жоғары қорғаныс дәрежесі бар суға төзімді құралды сатып алсаңыз да, оны бір рет жағып, күні бойы жүруге болмайды. Қорғаныс факторына байланысты әр 2-4 сағат сайын құралды қайта жағып тұру қажет. 

Мүмкіндігінше денені күн сәулесінен барынша қорғайтын киім киген абзал. Әрине, жаздың аптап ыстығында бұл оңай емес, бірақ, мысалы, қысқа балақты шалбардың орнына жеңіл, жұқа шалбар киіп көріңіз. Бас киімдерді де ұмытпаңыз. Ені үлкен қалпақ тек бетті ғана емес, құлақ пен мойынды да қорғайды. Ер адамдар қалқасы бар бейсболка кие алады. Соңғы жылдары арнайы күннен қорғайтын киімдерге сұраныс артып келеді. Ол күннен қорғайтын сүзгілері бар заттармен өңделген маталардан тігіледі.

Күннен қорғайтын көзілдірік тек сәндік бұйым емес, сонымен қатар көз бен оның айналасындағы нәзік теріні ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен қорғаудың маңызды құралы. Сондықтан көзілдірік таңдағанда оның сыртқы келбетіне ғана емес, күн сәулесінен қорғау қабілетіне де мән беру қажет. Күннің ең белсенді ыстық кезеңінде күн астында болудан аулақ болыңыз. Бұл уақыт таңғы 11-ден кешкі 16-ға дейін шамамен. Егер сіз өзен-көлдің жағасында немесе табиғатта болсаңыз, көлеңкелі шатыр немесе палатка құрып қою керексіз. Бұл сізді күннен қорғауға септігін тигізеді. Тіпті ауа райы бұлтты болса да және күннің көз шығып тұрмаса да сіз күйік алуыңыз мүмкін, өйткені бұлттар ультракүлгін сәулелердің тек 30%-ын ғана тоқтатады. Сонымен, күннің көзі бұлттан көрінбесе де, теріні күн сәулесінің зиянды әсерінен қорғау үшін арнайы крем жағу қажет.

Көп жылдан бері  күнге қатты қыздырыну сәнге айналған. Солярийлер жыл бойы сұранысқа ие, көптеген адамдар, әсіресе жас қыздар, терісі қарайғанша күнге қыздырынғанды ұнатады. Алайда, солярийдің теріге зиян екенін бәрі бірдей түсіне бермейді. Мұның бір проблемасы – мерзімінен бұрын қартаюға әкеледі, бірақ бұл да тері обырының, әсіресе меланоманың даму қаупімен салыстырғанда түк те емес. Қазіргі таңда америкалық ғалымдар 18 жасқа толмаған жастарға солярийге баруға тыйым салуды ұсынып отыр.

А дәруменін қабылдау терінің қатерлі ісіктерінің дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Алайда, барлық дәрігерлер бұл тұжырыммен келісе бермейді. Сонымен қатар, зерттеулер тек қосымша А дәруменін қабылдау ғана көмектесуі мүмкін екенін, ал оған бай тағамдарды тұтыну тері обырының алдын алуға ешқандай әсер етпейтінін көрсетті.

Терінің жағдайын өздігінен диагностикалау және бақылау тек қауіп тобындағы адамдар үшін ғана емес, жалпы әрбір адам үшін міндетті болып табылады. Біз сақтық шараларының барлығын сақтасақ та, ауырып қалуымыз мүмкін екенін білеміз. Сондықтан ашық тері бөліктерін, яғни мойын, иық, қолдар, құлақтар, басыңызды үнемі тексеріп отыру қажет. Теріде жаңа түзілімдер пайда болса, немесе тотығатын дақтар байқалса, сол туралы алаңдай отырып, қажетті талдауларды тапсырыңыз. Егер жоғарыда аталған барлық шараларды жүйелі түрде, табандылықпен және ұқыптылықпен орындасаңыз, тері обырын алдын алуға болады. Күннен қорғайтын кремді өзіңіздің тұрақты серігіңізге айналдырыңыз, балаларды да осыған үйретіңіз және қатты күн көзіне күюден аулақ  болыңыз – бұл орындауға болатын талаптар.

Қорытындылай келе, егер сізде тері обыры анықталса, бұл депрессияға түсуге себеп болмауы керек. Себебі, аурудың 1-2 сатысында анықталған меланома емес тері обыры 99% жағдайда емделіп кетеді.

 «Көпбейінді  облыстық аурухана» ШЖҚ МКК

Емхана  меңгерушісі Каринов Мұрат Жәнібекұлы

vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).