Қуық асты безі обыры – бұл қуық асты безі тінінің қатерлі ісігі. Оның ерекше белгілері, әсіресе ерте кезеңде де болмайды. Аурудың ықтимал білінуі пациентте қуық асты безінің аденомасы немесе созылмалы простатиттің болуымен байланысты (зәрдің баяу, үзік-үзік ағыны, ноктурия, жиі зәр шығару, жамбас аймағындағы ауырсыну және т. б.) болады.
Қуық асты безінің қатерлі ісігін диагностикалауда қуық асты безін тік ішекті саусақпен зерттеу, ПСА анықтау, ультрадыбыстық зерттеу, биопсия қолданылады. Емдеу радикалды тәсілдерді (простатэктомия), аз инвазивті араласуды (HiFu терапиясы, брахитерапия, криоаблация), қашықтықтан сәулелік терапияны, гормондық және химиотерапияны қамтуы мүмкін.
Қуық асты безі обырының белгілері
Өскіндердің пайда болуы дамудың ұзақ жасырын кезеңімен сипатталады. Оның нақты белгілері байқалмайды. Көбінесе ер адамда ілеспе патологияның - простатиттің немесе қуық асты безінің аденомасының болуымен алғашқы белгілері пайда болады.
Зәр шығарудың жиілеуі; қуықтың толық босатылмау сезімі; үзік-үзік және әлсіз ағынмен зәр шығару; жиі зәр шығару, зәрді ұстап қала алмау проблемалары туындайды.
Зәр шығару немесе шәует шығару кезінде күйдіру сезімі немесе ауырсыну болуы мүмкін; гематурия және гемоспермия; аяқтың арасының, шат сүйегінің немесе жамбастың ауырсынуы; гидронефроздан туындаған төменгі арқадағы ауырсыну; эректильді дисфункция болуы мүмкін. Аурудың дәл осы алғашқы белгілері пациентті медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр етеді.
Қуық асты безінің қатерлі ісігі көбінесе терең урологиялық тексеруден кездейсоқ айқындалады.
Омыртқа мен қабырғадағы үздіксіз сырқырап ауырсыну, әдетте, сүйек метастазының пайда болуын білдіреді. Қуық асты безінің қатерлі ісігінің дамыған кезеңдерінде лимфостаз, салмақ жоғалту, анемия, кахексия салдарынан төменгі аяқтың ісінуі орын алуы мүмкін.
Болжам және алдын алу
Қуық асты безінің қатерлі ісігінің дамуын толығымен жоққа шығару мүмкін емес. 45 жастан асқан ер адамдар өскіндерді ерте анықтау үшін урологпен жыл сайынғы тексеруден өтіп тұруы керек. Ер адамдарға ұсынылатын скринингке қуықасты безін ректалды саусақпен тексеру, қуық асты безін ТРУДЗ, қандағы ПСА-ны анықтау кіреді.
Дәрігер уролог Нұрғалиев Рауан Асқарұлы