Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

Өкпе обыры - әртүрлі калибрлі бронхтардың эпителий қабығынан пайда болатын қатерлі ісіктер тобы.

Біз өкпенің қатерлі ісігінің себептеріне егжей-тегжейлі тоқталмаймыз, өйткені бұл мәселеде сан алуан пікірлер айтылады, әрі бұл тақырып көптің қатысуымен талқыланып келеді. Алайда, қатерлі ісіктің дамуына әкелетін даусыз факторларың бірі темекі түтінінің канцерогендері, иондаушы сәулелену және вирустық инфекция болып табылады. Олардың әсері өкпе бронхтарының қабықшалы ұлпасының жасушаларында кумулятивті (жинақтаушы) өзгерістерді тудырады. Канцерогенмен байланыс неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым көп тіндер зақымдалады, сондықтан қатерлі ісік қаупі соғұрлым жоғары болады.

Қазіргі таңда онкологиялық патологияның құрылымында өкпенің қатерлі ісігінің пайда болуы, сондай-ақ өлім-жітім себептері бойынша көшбасшы орында тұр. Халықаралық онкологиялық зерттеулер агенттігінің мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын 1 миллионға жуық жаңа өкпе обыры тіркеледі және онкологиялық науқастардың 60%-ы осы аурудың салдарынан қайтыс болады.

Мұндай статистика көбінесе ісік процесінің агрессивтілігіне емес, пациенттердің медициналық көмекке кеш келуіне байланысты болады. Жағдайдың немен байланысты екенін түсіну үшін – оны жете зерттеу керек!

Заманауи онкология өкпеде қатерлі ісіктің орналасқан жерінде орталық және шеткі қатерлі ісіктің екі негізгі түрін ажыратады. Оларың әрқайсысының өзіндік клиникалық көрінісі бар.

Ісік ірі бронхтардың бірінде, тіпті ерте сатысында  пайда болатындықтан, орталық қатерлі ісік ұзақ мерзімді жөтелмен сипатталады, алдымен құрғақ, содан кейін жеңіл қақырықпен, кейде қанмен араласады. Егер симптомдар жүре келе байқалмаса, бірте-бірте қақырық іріңді түрге айналады, бұл дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке және ентігуге әкеледі. Әрі қарай оған қатерлі ісік пневмониясы қосылады, ол салыстырмалы түрде оңай емделеді, бірақ жиі қайталанады (қайта пайда болады). Қатерлі ісік пневмониясы кеуде қуысының ауырсынуымен, ентігумен, толық дем ала алмау сезімімен бірге жүретін қатерлі ісік плевритімен (өкпенің айналасында сұйықтықтың жиналуы) бірге жүруі мүмкін. Өкпенің қатерлі ісігі асқынған жағдайларда - дауыстың қарлығуы, жүрек немесе қол аймағындағы ауырсыну, көгілдір реңкте беттің ісінуі, мойынның, қолдың немесе кеуде қуысының тамырының ісінуі пайда болады.

Орталық қатерлі ісікке қарама-қарсы, шеткі өкпенің қатерлі ісігі ұзақ уақыт бойы өкпе тінінде ауырсыну белгілерінің болмауына байланысты асимптоматикалық болып табылады және ісік үлкен мөлшерге жеткенде ғана ауырсыну, қанды қақырықты бөлетін жөтел, ентігу пайда болады. Өкпенің перифериялық қатерлі ісігінің сирек кездесетін белгілері бар, мысалы, саусақ ұшының «барабан таяқшалары» және тырнақтың «сағат әйнегі» түрінде ұлғаюы, терінің ерекше құрғауы және қабыршақтануы, сүйектің ұзақ уақыт емделмей сынуы.

01.02.23 1

Бүгінгі таңда аурудың ерте сатысындағы хирургиялық араласу өкпенің қатерлі ісігін емдеудің ең жақсы әдісі болып табылады. Ауруды дер кезінде анықтау үшін барлық адамдар, әсіресе темекі шегетіндер: жыл сайынғы флюорографиядан, қажет болған жағдайда фибробронхоскопиядан (эндоскоппен бронхты тексеру) және кеуде қуысының компьютерлік томографиясысын өтуі керек, ең бастысы, зерттеу нәтижелерін алған соң онколог дәрігермен кеңесу қажет.

Есіңізде болсын – «Сіз денсаулықты ешқашан сатып ала алмайсыз!». Егер сізде немесе Сіздің туыстарыңызда біз сипаттаған белгілердің кем дегенде біреуі болса, бұл онколог дәрігерге қаралудың басты себебі болып табылады.

Көпбейінді облыстық аурухана

Кеуде хирургия бөлімшесінің меңгерушісі

М.Д. Атамбаев

vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).