Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

Тоқ ішектің қатерлі ісігі - бұл қатерлі жасушалар тік ішек пен тоқ ішектің кез-келген бөлігінде орналасатын ауру. Статистика туралы айтпасақ та, бұл ауру әлемнің көптеген елдерінде жиі кездесетін қатерлі ісіктің бір түрі екені баршаға мәлім.  Дегенмен, оны анықтау өте оңай, тез емделеді және ұзақ уақыт бойы дамиды.

Бұндай жағдайда теңдестірілген тамақтануды сақтау өте маңызды, ішек жолдарының ең жоғары өткізгіштігін қамтамасыз ету керек. Адамның жас ерекшелігі, ішектің созылмалы аурулары, тұқым қуалаушылық аурудың дамуының себептерінің бірі болуы мүмкін.  Кейбір факторлар өмір сүру салтына байланысты да өрбиді, мысалы: темекі шегу, көп қозғалмау, семіздік және алкоголь аурудың дамуына ықпалын тигізеді.

Ауру жеткілікті түрде ұзақ дамиды, әдетте қатерсіз полиптердің пайда болуынан басталады. Зерттеулерге сәйкес, полиптер қатерлі ісік ауруының ерте сатысы болуы мүмкін. Аурудың дамуын болдырмау үшін жас аралығын ескере отырып, кешенді тексеруден, полиптерді алып тастаудан және бұрын тоқ ішек қатерлі ісігін анықтау сияқты тексерулерден өту қажет. Қазақстан Республикасында колоректальды скрининг бағдарламасында қатерлі ісіктің ерте сатысында скрининг пен диагностиканың сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуропалық әдістемелік нұсқаулықтар қойылды.   

Аурудың көрінісі әдетте кең таралып кеткен процесте өрбиді. Қазіргі уақытта хирургиялық араласудың жаңа технологиялары көптеп енгізілуде, бұл операцияларды озық тәжірибемен жасауға мүмкіндік береді, ісіктің әртүрлі препараттарға сезімталдығы анықталады, сәулелік емдеудің жаңа әдістері бұл ауруды сәтті емдеуге ықпалын тигізеді.

«Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК

эндоскопист дәрігері А.Ю. Погорелов

vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).