Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

Заман талабына сай біздің қоғамда әйелдер ерекше орын алады, олар білім мен күш-жігерін барлық салаларда қолдануда. «Ердің асылы-күшінде, әйелдің асылы-ісінде дегендей , нәзік жанды әйелдеріміз барлық салаларда еңбек атқарып, еліміздің болашағы үшін көптеген жұмыс жасап жүргені хақ. Дегенмен табиғатынан жаны нәзік әйелдердің ұрпақ өрбіту, дүниеге дені сау бала әкелу жауапкершігі бірінші орында тұр.Мыңдаған әйел өз денсаулығынадер кезінде көңіл бөле алмай , жыныс ауруларының ішінде көп өсіп келе жатқан жатыр мойны обырына ша лдығып жатыр. Жыл сайын медициналық ақпараттың толық болмауы салдырынан, жатыр мойны обырынан бейхабар әйелдер ауруын асқындырып, обырдың үшінші,төртінші сатысында дәрігерге келіп жатады. Өкінішке орай обырдың асқынған түрінде медицинаның көмегінің тиімділігі мүлдем аз. Жатыр мойны обыры – жатыр мойнында дамитын қатерлі ісік. Жатыр мойны обыры әйелдердің жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктерінің арасында кездесу жиілігі бойынша екінші орын алады. Жатыр мойны обырымен науқастану өзгерісі жасқа байланысты ерекшеленеді. Науқастанудың ең жоғарғы деңгейі 40-60 жаста байқалады. Ең көп төмендеу деңгейі репродуктивті жаста, бір шама төмендеуі етеккір үзілісіне дейінгі кезеңде байқалады. Етеккір үзілісінен кейінгі кезеңдегі әйелдерде науқастанудың төмендеуі байқалмайды, бұл жағдай осы жаста әйел адамдардың акушергинеколог дәрігерлердің қабылдауында сирек болуларына байланысты.

Аурудың туындауына адам папилломасының вирусы (АПВ) себепші болады. АПВ жатыр мойны обырының 99,7% жағдайында анықталады. Бірақ әйелдердің 2% ғана жатыр мойны обырының дамуына АПВ вирусы себепші болатынынан хабардар. Вирустың негізгі жұғу көзі – жыныстық қатынас. АПВ 100-ге тарта түрі анықталған, соның 30-ы жыныс мүшелерін зақымдайды.

Жатыр мойны обырының дамуы бойынша қауіпті факторлар:

  • он алты жасқа дейінгі уақытта жыныстық қатынаста болу, бала көтеру мен туу да эпителийдің жарақаттануына жағдай жасайды; онкологиялық үрдістің туындауына әкеп соғуы мүмкін;
  • жыныстық серіктерді жиі алмастыру;
  • жыныстық жол арқылы берілетін қабыну аурулары (адам ағзасының қарсы тұру қабілетін әлсіретіп, вирустардың өміршеңдігіне ықпал етеді);
  • бала туу, түсік және қырып алуды жасатқандағы жатыр мойнының зақымдалуы;
  • эрозия, полип және жатыр мойнының басқа да аурулары;
  • темекі тарту және гормоналды контрацептивтерді бес жылдан астам уақыт бойы пайдалану.

Алдын алу шаралары. Міндетті тұрде етеккір циклын бақылау керек. Жылына 1 рет емханадаға қарап тексеру кабинетінен өтіп, окоцитологиялық ПАП- сынамадан өту керек. Шағым болған жағдайда гинеколог дәрігерге қаралып, сауығу шараларын жүргізу. 30-70 жас аралығында әрбір 4 жыл сайын скрининг тәсілімен тексеруден өтіп отыру. Арнайы алдын алу шарасы жыныстық өмірді бастағанға дейін жасөспірім шақта қыз балаға адам папиломасы вирусына қарсы екпе жасату керек.

Осы орайда әйел денсаулығын сақтау мақсатымен облыс көлемінде жүргізілетін шаралардың бірі - 2020 жылдың 25 қаңтарында өтетін Көпбейінді облыстық аурухананың онкологиялық орталығының «Жатыр мойны обырының алдын алу» ашық күні.

Осындай игі істе әйелге денсаулығына көңіл бөліп,сауығу шарасына жүгінуге мүмкіндік береді.

Құрметті оқырман, әйел бойындағы маңызды ағзаның сауығы мен адамзаттың артынан еретін дені сау ұрпақтың пайда болуы бір бірімен тікелей байланысты екенін ұмытпайық. Аман сау болайық.

ШЖҚ МКК "КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА"

Дәрігер цитолог Ныганова Л.Х

vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).