Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

16 қазан күні Көкшетауда облыстың бас онкологы, жоғары санатты дәрігер, бірнеше рет облыстық және қалалық Халық депутаттары кеңесінің депутаты болған, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Өмірбек Кәкімұлы Байкеновтің 90 жылдығына арналған «Ауыл тұрғындарына онкологиялық көмекті дамыту мәселелері және перспективалары» атты ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады. Өмірбек Байкенов 1961 жылдан 2002 жылға дейін Ақмола онкологиялық диспансерін басқарып, денсаулық сақтау саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан тұлға.

Конференцияның алғашқы күні ерекше оқиғамен есте қалды – Өмірбек Кәкімұлының құрметіне өзі негізін қалаған онкологиялық диспансер ғимаратында мемориалды тақтаның ашылу салтанаты өтті. Бұл іс-шараға қатысушылар даңқты дәрігердің еңбегін ұлықтап, оның адам өмірін арашалауға арнаған қызметін айрықша еске алды. Жиналғандар Байкеновтің медицинаға сіңірген еңбегін, өңірге қосқан үлесін және кәсіби өміріндегі жарқын сәттерді еске түсіріп, оның жоғары адамгершілік қасиеттері мен қызметіне деген құрметтерін де білдірді.

Бұл конференция – Өмірбек Байкеновтің өмірі мен мұрасын еске алу ғана емес, сонымен қатар өңірдегі онкологиялық көмекті одан әрі дамыту мен жетілдіру жолында маңызды қадам болды.

vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).