Көпбейінді облыстық ауруханада өңірде травматологиялық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды. Отырыста қол хирургиясының заманауи тәсілдері, эндопротезден кейін науқастарды бақылау мен емдеу бойынша ұсыныстар, балалардағы сыну жағдайларын емдеу және күйік жараларын емдеуде стволды жасушаларды пайдалану мәселелері талқыланды.
«Мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасуға және мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде өңірдегі медициналық көмектің сапасына тікелей әсер етеді», – деп атап өтті Ақмола облысының бас травматологы, Бекмұхамбетов Мұратбек Мұсылманбекұлы.











