Мастер-класста лапароскопиялық жолмен лоханка-несепағар сегментіне пластика жасалды, бүйрек тастарын ультрадыбыстық түрде уату заманауи OLIMPUS видеоэндоскопиялық құрылғысында жүргізілді. Төрт пациентке операция жасалды: үшеуі – Ақмола облысының, біреуі – Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. «Пациенттердің жағдайы тұрақты, өздерін жақсы сезінуде, операция сәтті өтті, техникалық жағынан ешқандай қиындықтар мен асқынулар болған жоқ», – деп атап өтті ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының жоғары санатты уролог дәрігері Қасымов Бахтияр Ғалымұлы.
Мастер-класстар өткізу хирургтердің кәсіби шеберлігін арттырады. Нәтижесінде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы жақсарып, жоғары технологиялық операциялардың ауқымы кеңейеді.











