Бүгін Сіздерді «Халықаралық медбикелер күні» мерекесімен құттықтаймын.
Жыл сайын мамыр айының он екінші жұлдызында Медбикелер күнін атап өту игі дәстүрге айналған.
Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық. Дәл осы баға жетпес құндылықты сақтап қалуға негізделетін аса жоғары жауапкершілік медицина қызметкерлеріне жүктеледі.
Халқымыз бірінші байлық денсаулық деп бекер айтпаған. Бүгінгі таңда халық денсаулығын жақсарту мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі.
Өзінің өмірі мен қызметін адам денсаулығына арнаған ақ халатты абзал жандар, Сіздердің елеулі еңбектеріңіз әрқашан да құрмет пен сенімге ие!
Құрметті медбикелер, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметпен, Нұрлан Жаров.