Кеше Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жобалық кеңсесінің, "RenEll" және "Creative Project KZ" компанияларының өкілдері Көкшетау қаласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынатын 630 төсектік көпсалалы аурухананың құрылысы жобасын іске асыру бойынша негізгі мәселелерді талқылау мақсатында Көкшетау қаласы Көпбейінді облыстық ауруханасына келді.
Кездесу барысында жер учаскесінің талаптарға сәйкестігі қаралды, төсек қорын, мамандандырылған қызметтер мен бөлімшерлерді ескере отырып, көпсалалы облыстық аурухананың құрылысы, медициналық технологиялық тапсырма (МТЗ) талқыланды.
Аурухана МРТ, КТ аппараттары, ангиографтар, сызықтық үдеткіштер, сандық рентген аппараттары және басқа да аса қажетті құрал-жабдықтарымен қамытылып, жетілдірілген медициналық құралдармен жабдықталады.
Жаңа аурухана Солтүстік аймақтағы жетекші медициналық ұйымдардың біріне айналады деп болжануда.