1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру»
«Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру»
«Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру».
«Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру»
2022 жылдың қорытындысы бойынша стационар көрсетілетін қызмет алушымен тікелей байланыссыз ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрде 37 611 мемлекеттік қызмет көрсетілді (egov.kz веб-порталды қоспағанда). олардың:
- «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» - 32 212 қызмет.
- «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» - 759 қызмет,
- «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру» - 174 қызмет.
-«Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру»- 4466 қызмет.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
2022 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген талдау негізінде ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет:
«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» - 32 212 қызмет.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Ақпарат amob.kz ресми интернет-ресурста орналастырылады медициналық ұйымның «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде. Бұдан басқа, ақпарат, стационарда ақпараттық стендте қолжетімді жерде орналастырылған.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2022 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шаралары өткізілді, оның ішінде: мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы БАҚ ақпаратын орналастыру: инстаграмның әлеуметтік желілерінде-4.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін «Е-GOV» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Сотрудники подведомственных медицинских организаций, ответственные за оказание государственных услуг, за счет средств организации, проходят специализированные курсы повышения квалификации. На 2, 3 квартал 2023 года запланировано повышение квалификации в сфере оказания государственных услуг.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК-ға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
- Медициналық қызметкерлермен қолданыстағы заңнаманың нормативтері және мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
Директор Жаров Н.К
Report