ШЖҚ МКК 2024 жылғы 17 маусым мен 21 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7-тармағында айқындалған тәртіппен мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады. Талқылауға қатысу мәселелері бойынша комплаенс-офицер Е.Т.Жолдасовқа 2024 жылғы 17-21 маусым аралығындағы мерзімде 87081971198 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.